Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұдан былай қазақстандықтарға электронды сандық қолтаңба қажет болмайды

Электронды қолтаңбаның мерзімін жыл сайын ұзартып, оны қолдану үшін белгілі бір бағдарламалар орнатып отыру қажет.

эцп-2

Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымы хабарлайды.

«Кейбір мемлекеттік қызметтердің электронды нұсқасының жоқ екені анықталды. Бұл ЭСҚ алудың қиындығымен, ауылдық жерлердің интернет желісімен толық қамтамасыз етілмегенімен байланысты болып отыр. Осыған орай, ЭСҚ-ны алып тастау туралы мәселе қарастырылып жатыр. Себебі, ЭСҚ-ны жыл сайын ұзартып отыру қажет. Оны алып тастауға кеңес береміз», – дейді мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Әділбек Мұқашев.

Мұнымен қатар, ол жемқорлықты алдын алу мақсатында жоғары төлемнің арқасында құжаттарды мерзімінен ерте жасатуға болатын мемлекеттік қызметтер шеңберін кеңейтуді ұсынды. Мысалы, ретінде паспорт пен төлқұжат қарастырылды.

«Яғни кәсіпкер лицензияны мерзімінен бұрын алу үшін қосымша ақшаны төлесе болғаны. Бұл әзірге біздің болжамымыз бен кеңесіміз. Біз тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бір күнде дайын болған құжатты бір азамат ерте, екіншісі кеш алады. Мұнда жемқорлық болуы мүмкін», – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Астана түбіндегі Түрген ауылында 11-сыныпты жалғыз оқушы бітіріп шықты

ЭКСПО қарсаңында ұшты күйлі жоғалған астаналық кезбелер Көкшетаудан табылды

Шымкентте баласын аяусыз ұрған қатыгез әкенің видеосы жұрттың жағасын ұстатты

Ақтөбе облысында мектеп мұғалімі зейнеткерді соққыға жықты

Талқылау