Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұңғыш рет сәйкес келмейтін донордың бауырын салу бойынша операция жасалды

“UMC” онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығында үйлеспейтін донордың бауырын трансплантациялау операциясы өтті. Оңтүстік Кореялық профессор Кванг Вунг Ли қазақстандық дәрігерлерге арнап шеберлік сыныбын өткізді. Ол Сеул ауруханасында осындай операциялардың 80-ге жуығын жасаған маман.

Бұл туралы “Елорда Инфо” жазады.

Негізінде операция құны 5 млн теңге тұрады. Бірақ емделуші үшін тегін жасалды. Шетелде мұндай операция үшін 100 00 евро шамасында сұрайды.

Операция үстелінде астаналық 55 жастағы ер адам болды. Ол бауыр органын өзінің туыс інісінен алды. Операцияға дейін қазақстандық дәрігерлер кореялық маманмен бірге емделушіні арнайы дайындықтан өткізді.

“Емделушіде бастапқы гепатиттен бауыр циррозы пайда болған. Бұл бауырдың қызметін төмендететін ұзаққа созылатын ауру. Операцияға дейін науқас арнайы дайындықтан өткізіледі. Оның қанындағы денеге қарсы дәрілерді құртып шықтық. Үш плазмаферез сеансынан соң үйлесімділік деңгейіне жетті”, – дейді хирургия бойынша бас кеңесші Тоқан Сұлтанәлиев.

Болашақта қазақстандық дәрігерлер мұндай операцияларды өздері де жасамақ. Әлемде операцияның мұндай түрлері 7 жыл бұрын жасала бастады. Қазіргі кезде Оңтүстік Кореяда қан тобы сәйкес келмесе де туысының донор болуымен барлық трансплантацияның 25 пайызы осындай операция түрінде жасалады.

“Емделушінің сауығып кетуі оның операция алдындағы дайындығына тікелей байланысты. Егер жағдайы тым ауыр болса айығып кетуі үш айға дейін созылады. Ал біздің жағдайымызда операцияға дейінгі күйі қанағаттанарлық, сол себепті оның сауығу процесі әрі кетсе 1 ай уақытты алады”, – деді Кванг Вунг Ли.

Профессор Ли 1000 бауыр трансплантациясын, оның 80-ін Қазақстанда жасаған. Сеул ұлттық университеті госпиталінің халықаралық денсаулық сақтау орталығы қазақстандық онкология және трансплантология орталығымен тығыз байланыста. Бұл операцияға дейін қазақстандық дәрігерлер Сеулге барып білімдерін жетілдіріп қайтқан болатын. Профессордың ойынша, алдағы уақытта қазақстандық хирургтар өз беттерімен үйлеспейтін донордың бауырын салу бойынша операциялар жасай алады.

Оқи отырыңыз:

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы реттелетін болды

Блогер Алматы облысында адамдардың басы биттеп жатқанын айтып дабыл қақты

Қазақстан ауруханаларында педиатрия бөлімдері қайта ашылады

Ғалымдар қазіргі уақыттағы балдың қандай зияны барын анықтап білді

Талқылау