Қазақстанда сотталған браконьер үш күннен кейін тағы ақбөкен атуға шыққан

Сейсенбі, 26 Қаңтар , 2016 19:00

2015 жылдың 26 желоқсанында браконьерге қатысты сот отырысы өткен. Сол күні шартты түрде жазасын өтеу туралы шешім шығарылды. Қызық болғанда, 29  желтоқсан күні дәл сол адамды ақбөкен атқаны үшін тағы қолға түсірген.

7cffef1719efd980b8c7d0347a09071e_XL

Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің отырысында комитет төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Үстеміров айтып берді.

Өкінішке орай, Қазақстанда ақбөкендерді атып, санын азайтып отырған браконьерлер заңға да, өзге де қадағалаушы органдарға да «күш бермей тұр».

Мысалы, 2013 жылы Қазақстанда ақбөкендерді заңсыз атқан браконьерлердің үстінен 46 қылмыстық іс қозғалса, 2014 жылы бұл цифр екі есеге артып, 79 қылмыстық істі құраған.

«Заң тарапынан да, өзге де тараптардан қолға алып жатқан шараларымызға қарамастан, ақбөкендерді аулайтын барконьерлердің саны азаймай тұр. 2015 жылы 107 браконьерлік факт тіркелді. 2013 жылы ақбөкендерді атқан браконьерлердің үстінен 46 қылмыстық іс қозғалса, 2014 жылы бұл сан екі есеге артқан. Оның  өзінде де, 2013 жылдың архивын қарасақ, 46 қылмыстық іс бойынша, тек екі адам сотталған. Ал қалған істер басқа баптарға ауыстырылған. 2015 жылы 85 қылмыстық іс қозғалған еді, тек жеті адам сотты болды»,-дейді Қ.Үстеміров.

Ал «Охотзоопром» табиғатты қорғау ұйымының директоры Ерзат Әлзақов «браконьерлердің азаймауына басты себеп – олардың жаза жеңіл болады деген сенімі» дейді.

«Біздің мекеменің қызметкерлері браконьерлерді ұстап, сол бойынша тиісті істі құзырлы органдарға жібереді.  Бір қиындығы – біз даладан бес браконьер ұстасақ та, бір браконьер ұстасақ та, тергеу барысында бір адам ғана тұтқындалып, заң алдында да сол бір адам жауап береді. Бұл бізге қиындық туғызып отыр.  Себебі, қалған төрт адам ертеңінде аң аулағау тағы шығады. Сондықтан, біз Прокуратураларға ұсталған браконьерлердің барлығы жауапқа тартылсын деген ұсыныс айтып отырмыз. Ол үшін Қымыстық кодекске, өзге де құқықтық актілерге өзгерістер енізудің түк те қажеті жоқ. Тек қана тергеу сапалы, таза жүргізілуі керек»,-деген маман қазір тіпті браконьерлердің мінген көлігі мен ақбөкенді атқан кезде қолданған өзге заттары тәркіленбейді де дейді.

«2013-2014 жылдары Қылмыстық кодекс сай,  қолға түскен браконьерлердің көліктері тәркіленетін. Ал 2015 жылы Қылмыстық кодекске  енгізілген өзгерістер бұл бапты алып тастаған, сондықтан, Бас прокуратураның алдына да Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізіп, көліктерді міндетті тәркілеу туралы талап қойып отырмыз. Браконьерлер ақбөкендерді атқаны үшін қандай ауыр жаза барын, яғни, бас бостандықтарынан айырылатынын түсінбейді, қорықпайды. Көп болса айыппұл төлеп, болмаса шартты түрде бас бостандығынан айырылады. Мысалы, 2015 жылдың 26 желоқсанында браконьерге қатысты сот отырысы өтті, сол күні шартты түрде жазасын өтеу туралы шешім шығарылды. Қызық болғанда, 29  желтоқсан күні дәл сол адамды ақбөкен атқаны үшін тағы қолға түсірдік»,-деп күрсінді Е.Әлзақов.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар