Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан инновацияға көңіл бөлу жөнінен үздік 50 елдің қатарына енді

Қазақстан әлемдегі 50 инновациялық экономика тізіміне кірді. Дәстүрлі рейтингті Bloomberg агенттігі түзіп шыққан. Әр мемлекет үздік 7 көрсеткіші арқылы бағаланған. 

4bc145365f03d66a1b9a9c2a864021fe

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Инновациясы ең озық елдердің көшін Оңтүстік Корея бастаса, оның соңынан ілесе тізімде Германия, Швеция, Япония, Швейцария және Сингапур елдері тұр. Тіпті АҚШ-тың өзі айтарлықтай жоғарылай алмаған. 14-ші орыннан 12-ші орынға көтерілген Ресейдің Құрама штаттарды қуып жетіп қалғанын байқауға болады. Өзге Европа елдері Бельгия, Ұлыбритания, Голландия 16-18 орын аралығында жайғасқан. Оларды бастырмалатып 21-ші орында Қытай тұр.

Ал Қазақстан бұл тізімде Германия, жапония, АҚШ секілді алпауыттардың өзін артқа тастап 14-ші орынға жайғасқан. Көшбасшылар – Сингапур мен Оңтүстік Корея елдері.

Өнімділік жөнінен Қазақстан 21-ші орынға табан тіреген.

Ал патентті белсенділік тұрғысынан біздер Сингапур мен Израилдің өзін артқа тастап, 30-шы орынға көтеріліппіз. Ал өздерінің интеллектуалды меншіктеріне асқан жауапкершілікпен қарайтын мемлекеттер – Оңтүстік Корея мен күншығыс елі екен.

Қазақстанның ең бір әлсіз тұсы, ғылыми зерттеу жұмыстарына назардың аз бөлінуі екен. Әсіресе, Израиль және Оңтүстік Кореямен салыстырғанда.

Талқылау