Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдің мазасын алған Ресей азаматшаларын Қазақстаннан шығарып тастады

Қостанай облысында екі ресейлік әйел қоғамдық орында мазаны алғаны үшін Қазақстан аумағынан шығарылды.

8_5

Көррнекі сурет: fishki.net 

Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Ресей Федерациясының азаматшалары, екі жас сыған әйелі, Қарабалық ауданына келген. Мұнда олардың туыстары да, таныстары да жоқ. Олар бұл жерде қайыр сұраумен айналысқан», – делінген хабарламада.

Қарабалық ауданының орталығында олар ауыл тұрғындарының мазасын алып, ақша немесе азық-түлік түрінде қайыр сұраған. Қарабалық аудандық соты ҚР ӘҚБтК 449 бабы 3 бөліміне (қоғамдық орындарда мазаны алу) сәйкес оларды әкімшілік жауапкершілікке тартып, Қазақстан Республикасының аумағынан шығару жөнінде қаулы қабылдады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Жіберіп алмаңыз:

Сыған халқының таңқалдырарлық өмір сүру салты (фото)

Алматыда жолаушылардың мазасын алған 45 жастағы әйел жауапқа тартылды

Астанада полицейлер шу шығарған бойжеткенді ұшақтан түсіріп тастады

Талқылау