Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың бір күнде қанша табыс табатынын білесіз бе?

Еліміздегі қаламақысы ең жоғары әнші Қайрат Нұртас бір күнде 5-6 тойға кіріп шығуға үлгереді екен. Бұл туралы әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова айтып берді.

нуртастын улы

«Қайраттың бір күнде 3-4 қалаға ұшқан кездері болды. Сол кездері Қайратты өте қатты аяп кеттік. Мәселен, бір кісілер Қайрат үшін тойды сағат 5-те бастады. Қайрат сағат 6-да сахнаға шығып, 7-де жолға шығып, 8.20-да Алматыға ұшты. Күндіз той, кешке той. Сөйтіп Қайраттың бір күнде 5 қалаға барған күндері болған», – деді Гүлзира Үсенқызы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында.

Ал Қайраттың әкімші-көмекшісі Айдын Құдабаев әншінің аптаның 7 күнде тойда жүретінін жасырмады. Айтуынша, Қайратты Ақтау, Атырау, Алматы, Астана, Шымкент, Тараз қалалары жиі шақырады екен.

Қайрат Нұртас – Қазақстандағы қаламақысы ең жоғары әнші. Ол бір тойдан 7 мың доллардан 10 мың долларға дейін табыс табады.

Жіберіп алмаңыз:

Ақ жаулық киген Исабекова тыңдармандарын өзіне ғашық етті

Ерке Есмахан: Махаббаттан басым айналып жүр

Жетімдер әнін шырқаған Нұрмұхаммед қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)

Бүркіт пен Айша Болат Назарбаевпен бірге тамақтанды

Талқылау