Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас кешінде ән салған шетелдік жұлдыздарға қанша ақша төлеген?

Қазақстанда бұрын-соңды болмаған шоу-концерт өткізген Қайрат Нұртас кешінде өнер көрсеткен шетелдік жұлдыздарға 89 млн теңге қаламақы берген. Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” бағдарламасында айтылды.

maxresdefault

Бағдарлама барысында өзге де қазақстандық жұлдыздардың табысы қанша екені жарияланған. Бір бейнебаянының құны 30 мың АҚШ долларын құраған Серік Ибрагимов “негізгі табысты қазақтың тойынан табамын” дейді.

“Форбс” журналы мен “Муззон” телеарнасы бірігіп өткен жылдың қалтасы қалың әншілерінің тізімін түзген. Әзірге еңбекқор әрі елдің сүйікті әншісі Қайрат Нұртас бірнеше жыл қатарынан табысы ортаймаған жұлдыздар көшін бастап келеді. Ол былтыр 2,5 млн доллар табыс тапқан. Әншіге ақша концерттері мен Халық әртісі Мақпал Жүнісовамен өткізген кешінен түсіпті.

Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері Еділ Серікұлы, Қайраттың концертінде ән салғаны үшін Тимати, Нюша сынды жұлдыздарға төлеген ақшасы 89 млн теңгені құрағанын жария етті.

Қап-қап қаржы табудан Баян Есентаева да қалысар емес. Оның жылдық кірісі 1 млн доллар екен. Атақты продюсер тек “Кешью” тобының өзінен 500 мың долларды қалтасына басады.

“Мария Магдаленаның” арқасында танылған Асхат Тарғын 960 мың долларға байыса, Қытайдың өзінде 12 концерт беріп қайтқан Айқынның кірісі – 600 мың АҚШ долларға жеткен. Айтпақшы, Айқын салықтан да жалтармайды екен.

de21b0a49073e02607439322e784cdc6

“Әрине төлеймін. Ай сайын емес, ИП бар. Содан өткен ақшадан салық  төлеп тұрамыз”, – дейді әнші.

Бай әртістердің тізімін 2015 жылы 300 мың доллар табыс тапқан Серік Ибрагимов, Мақпал Исабекова, Әли Оқаповтар қорытындылайды.

Талқылау