Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатты шошып, Бурабайдан атып шықтық": Фариза Төреәлі мешіт салып жатқанда оқыс оқиғаға тап болды

Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі мен жолдасы Дархан Нортаев мешіт саламын деп басы дауға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

фариза

Фото: https://www.instagram.com/aiym_kenzhalieva

Олар өз қаражатына Астана маңындағы ауылдардың бірінен мешіт салуды бастаған. Алайда ауыл тұрғындары олардың құрылысын тоқтатып тастаған.

"Ауылдың кей адамдары Дарханға хабарласып, "сендер кімсіңдер мешіт салатындай" деп әңгіме айтты. Шошып, Бурабайдан атып шықтық, ауылға қарай. "Өтірікші, алаяқ" екенбіз, "хайп үшін" жасап жатыр екенбіз. Басқалар не айтса айтсын, бірақ мешіт салынып жатқан ауылдың адамдарынан естігеніміз жүрекке қатты батты. Тегін жасап бергелі жатыр едік қой, тиісулерінің себебін түсінбей отырмыз. Дархан екеуміз осы мешітті салу үшін арнайы ақша жинадық. Осы мақсатқа жету үшін өте көп еңбек етіп жүрміз. Бұдан бізге көк тиын пайда түспейді. Сіздер айтып жатқандай зауыт та, өз қалтаңды көтеретін басқа да дүниені соғуға болар еді. Бірақ басты ниетіміз мешіт салу болды. Бұл киелі нәрсе ғой, өкпе-ренішпен тұрғызуға болмайды, – деп жылады блогер. 



Блогердің айтуынша, ауыл тұрғындарының қарсылығына қарамастан, мешіт салына беретін көрінеді. 

“Мен небәрі 22 жастамын, Дархан 26-да. Біз сияқты жастарды үлкердер қолдамаса, басқадан не үміт, не қайыр? Біз бұны ертең Муфтиятқа тапсырамыз. "Алаяқ" деп бізді айыптап тұрғанда ары қарай мешітті қалай жалғастырамыз? Айтарға сөз таппай тұрмын. Тамағыма өксік тығылып, аяқ-қолым дірілдеп кетті. Мешітке келгенде осылай болады деп ешқашан ойламаппын.
"Кей адамдардың сөзі үшін тоқтап қалады деп ойламаңыздар. Менің блогымдағы позиция – біреудің күнәсін, қатесін әшкерелемеу. Сөз сүйектен өтеді демекші, жүрегіме алып, көңіліме тигенін жасыра алмаймын. Ешкімнен ештеңе тартып алып, не зиян тигізіп, не ақша жинаған жоқ еді. Мешіт салып беруімізді өтінген де өздері еді. Алладан шешімін сұраймыз", – деді Фариза Төреәлі.

Еске салайық, блогер төтенше жағдай кезінде блогер мен бизнесмендерден көмек сұраған билікті сынаған еді. Бұған дейін Фариза Төреәлінің күзетші әйелге баспана сыйлағанын жазған едік. 
 

Талқылау