Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасқырды көлікпен басып, қинағандарға қатысты үкім шықты (видео)

Маңғыстау облысында қасқырды қорлағандарға жарты миллион теңге айыппұл салынды.

қасқыр

Бұл туралы “Тумба” хабарлайды.

Қасқырды көлікпен басып, қинағандар жайлы видео Интернетте 7 қаңтарда жарияланған еді. WhatsApp желісі арқылы жарияланған видеода бірнеше ер адамның ашық далада қасқырды ұстағаны бейнеленген. Бастапқыда олар жыртқыш аңды көлікпен басып, кейін басынан тепкілеп, ұрғылайды. Видеоның аяқ жағында ер адамдар қасқырды байлайды. Оқиғаның қалай аяқталғаны жайлы мәлімет жоқ. Роликке қатысты жазылған пікірлердің арасында оқиғаның Ақтөбе облысында болғаны айтылады.

Осы оқиғадан кейін Маңғыстау облысы ІІД башысы барлық деректі тексеріп, қылмыстың жасалған уақыты мен қасқырды қинағандарды табуды тапсырды. Тексеру барысында УАЗ маркалы автомобильдің Сай-Өтес ауылының 1985 жылғы тұрғынына тиесілі екені анықталды. Видеодан оның 1977 жылғы ауылдасын да көруге болады. Қасқырды қинағандарға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің “Жануарларға олардың өлуiне немесе мертiгуiне әкеп соққан қатыгездiк жасау” бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.
Еске сала кетейік, Қазнетті дүр сілкіндірген видеоның жалғасы 11 қаңтарда жарияланды. Кадрларда белгісіз ер адамдардың жеке үйлердің бірінің ауласында қасқырды қинап жатқаны бейнеленген. Аңшылар қасқырдың азуын байлап қинаған.

Талқылау