Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер ұлына жар болатын және зауытты басқаратын келін іздеп хабарландыру жариялады

Қытайда тұратын Чэнь Цзиньжун атты бизнесмен қызық хабарландыру жариялады. Ол өзінің 38 жастағы ұлына жар болатын және сонымен қатар қол астындағы зауытты басқаратын әйелді іздестіріп жатыр екен.

главный

Сурет: womancosmo.ru 

Себебі кәсіпкер баласының болашағы үшін алаңдаулы. Оның ұлы Чэнь Диян осыдан шамамен он жыл бұрын ажырасқан. Чэнь Диянның сол некеде туылған бір қызы бар. Хабарландыруда жасы 38-ден аспаған «бастық әйел» керек екендігі туралы айтылған.

Ол ажырасқан және балалары бар болса да түк етпейді. Сондай-ақ ол жоғары білімді және өнеркәсіпті ұршықтай үйіріп әкететін болуы тиіс екен. Сөйтсе, бизнесменнің ұлы қабілетті менеджер болғанымен, оның білімі жеткіліксіз және компьютерде жұмыс істей алмайтын болып шыққан.

Сондай-ақ ол өзгелермен  бірден араласып кете алмай, өзі бірінші болып, бастама көтермейді екен. Сол себепті кәсіпкер ұлы мен бизнесті уысында ұстайтын әйелді іздестіреді.

Талқылау