Кашпировский емшілігі үшін сотта ақталып шықты

Көпшілікке экстрасенс әрі емші ретінде танылған Анатолий Кашпировский Ресейдің Пермь сотында ақталып шықты. Оған бұған дейін заңсыз түрде халық медицинасымен айналысты деп айып тағылған болатын.

PR20130709115648

Сурет: www.1tv.ru 

Оқиға 2015 жылдың шілдесінде басталған. Пермь өлкелік заң шығарушы жиналысының депутаты Александр Телепнов прокуратурадан психотерапевтің кәсіби дәрежесін тексеруді талап еткен. Бұл сұраным федералды мекемеге жіберіліп, ол жақта«Заңсыз халық медицинасымен айналысу» бабы бойынша әкімшілік тәртіптің бұзылғаны айтылған.

Экстрасенстің қорғаушысының айтуынша, бірінші сотта психотерапевті айыпты деп тауып, оған 2 мың рубль көлемінде айыппұл салынған. Енді Пермь өлкелік сотында қаралған үшінші кезеңде емші біржола ақталып шықты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар