Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қартайған шақта бізді өкіндіретін шешімдер

Ерте ме, кеш пе ол келеді. Кәрілік. Одан қашып құтылу мүмкін емес. Оны жоққа шығара алмайсыз. Есесіне дәл қазір қартайған шағыңызда өкінбейтіндей әрекеттер жасай аласыз. Олай болса, қартайған шағымызда біз қандай әрекеттеріміз үшін өкінуіміз мүмкін?

Бұл туралы transurfing-real.ru басылымы жазды.

– Бітпейтін телехикаялар мен реалити-шоулар, бағдарламалар көріп отырғанымыз үшін;

– Бірінші орынға шынайы өмірді емес, әлеуметтік желідегі өмірді қойғанымыз үшін;

– Салауатты өмір салтын сақтамай, жалқаулыққа бой алдырғанымыз үшін;

– Үнемі бір жерге асығамыз деп табиғаттың сұлу көрінісінен құр қалғанымыз үшін;

– Өмірді тереңірек зерттеуге тырыспағанымыз үшін;

– Күннің атып, кешке батуын өз көзімізбен көрмегеніміз үшін;

– Қоғамның пікіріне тәуелді болғанымыз үшін;

– Ерте есейіп, бала болу мүмкіндігінен айырылғанымыз үшін;

– Достарымызды дұрыстап бағаламағанымыз үшін;

– Көпке дейін жақындарымызды істеген қателіктері үшін кешірмей келгеніміз үшін;

– Аз күліп, аз көңіл көтергеніміз үшін;

– Өзгелердің жағымсыз пікірлерін жүрекке тым жақын қабылдағанымыз үшін;

– Бойымыздағы дарынды тұншықтырып, балалық армандарымызды орындамағанымыз үшін;

– Аз саяхаттағанымыз үшін;

– Көп қорыққанымыз үшін;

– Көп істе батылдық таныта алмағанымыз үшін. Қиын-қыстау кезеңде бірден беріле салғанымыз үшін;

– Материалдық заттарға көп көңіл бөліп, күш-жігерімізді қажетсіз дүниелерге жұмсағанымыз үшін;

– Басты нәрсені айтпағанымыз үшін;

Олай болса, кәрілік келмей тұрып дұрыс шешім қабылдауыңызға тілектеспіз!


Жіберіп алмаңыз:

Дәрігер: Шашын бір жылда 6 реттен көп бояйтын әйел ракпен ауырады

Ғалымдар: Тәттілер қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін

Алматы облысының тұрғыны рак ауруын жеңіп шықты

Ғалымдар рак дертінен сақтанудың басты жолы анықтады

Талқылау