Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Т9 редакторының кесірінен: Қарағандылық әйел өзін балағаттаған ата-ананы сотқа берді

Қарағанды соты ғаламторлық-чатта ата-аналардың біреуін қорлаған іске қатысты үкім шығарды. Мектеп оқушысының анасы басқа ата-ананың шағымымен «қорлау» бабы бойынша сот алдында жауап берді. Белгілі болғандай олардың балалары № 45 гимназияның екінші сыныбында оқиды екен. Екі ана да «Whats App» бағдарламасындағы жалпы ата-аналар тобында болған.

Қарағандылық әйел Т9 редакторының кесірінен басқа оқушының анасын балағаттаған

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының ортасында аязға байланысты сабақтарды тоқтату туралы мәселе болды. Аналардың бірі бастаманы қабылдауға шешім қабылдап, сынып жетекшіге сабақты бұрынғыдай өткізе беруін ұсынды. Мұғалім мектепке барлық балалар келетін болса, сабақтың бұрынғыдай өтетінін айтқан.

Сабақтың өтілуін ұсынған ана бұл мәселені ортақ топта қозғаған. Оған жауап ретінде ата-аналардың бірінен балағат сөз жазылған хабарлама келген. Ғайбат сөз жазған ана бірден топтағы хабарламасын өшіріп, сол жерде кешірім сұраған. Алайда, қорланған әйел айыпталушы жіберген хабарламаны скриншот жасап үлгерген.

Айыпталушы сотта оқиғаның себебі T9 мәтіндік редакторы түзеткен «единственная» сөзі болуы мүмкін екенін айтты. Оның әрекеттерінен қылмыс бұзушылық актілері анықталмаған соң, сот әйелді кінәсіз деп, ақтап шықты. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: 

Павлодарлық стилист Instagram-дағы суретін БАҚ-та жариялаған журналисті сотқа берді

Қазақстандық азамат мүшел жасында Аружан Саинның қорына автокөлік сыйлады

Астанада күйеуі тастап кеткен әйел 4 баласымен бірге вокзалда түнеген

Бала әкесімен бірге қалды: Оралда қатыгездікпен өлтірілген ананың өліміне қатысты жаңа мәліметтер

Талқылау