Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлық стилист Instagram-дағы суретін БАҚ-та жариялаған журналисті сотқа берді

Әлеуметтік желілер  сотқа дейін жеткізе алады. Павлодарда стилист журналистке қарсы сотқа шағымданды. Ол өзінің жеке деректері мен инстаграмдағы суреттерін Ratel.kz порталының материалына жариялағанын ​​ұнатпады.

Павлодарлық стилист журналистті сотқа берді

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Ratel.kz порталында жарияланған материалдар желіде Ассоль Домисоль деген бүркеншек атпен тіркелген павлодарлық стилисті қорлаған екен. Онда автор «Спорт шенеунігінің әйелі Рим мен Парижге қалай ұшып барды» деген мақалаға стилистің инстраграмдағы суреттерін орналастырған. Ол жеке мәліметтерді таратқаны үшін журналистен бір жарым миллион теңге өндіріп беруді талап етті.

Егер желідегі парақшаға 2000-нан астам адам тіркелсе, оның қандай құпиялығы бар? Бірақ, оның да құпиясы бар екен. Журналист жұмыс үшін ашық желідегі материалдарды, сондай-ақ жеке деректерді пайдалана алады. Бірақ бұл жағдайда парақшаның бүркеншік аты көрсетілген, ал материалда автор стилистің нақты атын және лауазымды тұлғаның әйелі екенін жазған.

Стилистің талабы журналистерді ғана емес, блогерлерді де таңғалдырды. Ашық парақша, жүздеген фотосуреттер, шетелдік саяхат туралы есептер – мұның бәрі адамның қаншалықты жақсы өмір сүретіндігі туралы көбірек білу үшін жасалмаған ба? – деген риторикалық сұрақ қойды блогер Евгений Шультайс.

«Бұрын ғаламтор, әлеуметтік желілер болмаған кезде адамдар суреттерін басып шығарып, альбомға жабыстыратын. Ол кезде фотосуреттер өздерінде қалады. Бұл енді жеке дерек. Қазір әрбір адам өзінің парақшасына бір адам жазылатын болса оның жариялаған ақпараттары енді құпия емес екенін түсінуі керек. Желідегі жиі мақтананушылық өте жағымсыз салдарға алып келеді. Тіпті тонаушылар әлеуетті құрбандарын осы жолмен іздейді»,-дейді блогер Евгений Шультайс.

Тағы оқыңыз: 

Қазақстандық азамат мүшел жасында Аружан Саинның қорына автокөлік сыйлады

Астанада күйеуі тастап кеткен әйел 4 баласымен бірге вокзалда түнеген

Бала әкесімен бірге қалды: Оралда қатыгездікпен өлтірілген ананың өліміне қатысты жаңа мәліметтер

Көлікті сат та, қарызыңнан құтыл: Тоқтар Әубәкіров бүйрегін сатам деген жігітке астындағы көлігін бере салған

Талқылау