Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық азамат мүшел жасында Аружан Саинның қорына автокөлік сыйлады

Қазақстандық азамат мүшел жасында өзінің сүйікті автокөлігін Аружан Саинның қорына сыйға тартқан. Ол автокөлік жақсылыққа қызмет етсін деген ниетпен осындай қадамға барған. Бірнеше жыл бұрын болған оқиға туралы Аружан Саин айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық азамат мүшел жасында Аружан Саинның қорына автокөлік сыйлады

“Осыдан бірер жыл бұрын бір мейірімді жан біздің қорға көлік сыйлады. Ол “дәстүр бойынша мүшел жаста өзіңе қымбат затты біреуге беру керек. Мінеки, жақсылыққа қызмет етсін деген ниетпен сізге беріп отырмын” деді. Ол чероки джипі болатын. Ескілеу болса да, қазақстандықтар үшін көп көмегін тигізді. Балалар үйіне, емханаларға және т.б. Бірақ оның қозғалтқышының көлемі 5,7 литр еді. Бензин бағасы көтеріліп кеткен соң, онымен жүру бізге қымбатқа түсті”, – дейді Аружан Саин.

Қор жетекшісі джипті Уаз Патриот автокөлігіне айырбастағанын айтып, қуанды.

“Оның да салоны мен жүксалғышы үлкен, есесіне қозғалтқын көлемі небәрі 2,7 литр”, – дейді қайырымдылық қорының өкілі.

Аружан Саин енді бензин жағынан демеуші бола алатын компания іздестіріп жатқанын айтты.

“Бұл соншалықты көп шығын емес шығар, бірақ біз үшін оның өзі елеулі. Егер көмектесе алсаңыздар, Жандос Сейіт деген азаматқа 8 776 5554771 телефон нөмірі арқылы хабарласыңыздар”, – дейді Саин.


Тағы оқыңыз: Мүшел жас кестесі. Мүшел жас несімен қауіпті?

 

Талқылау