Астанада күйеуі тастап кеткен әйел 4 баласымен бірге вокзалда түнеген

Астанада күйеуі тастап кеткен әйел 4 баласымен бірге вокзалдардың бірінде түнеген. Жалғызбасты ана пәтерақысын төлей алмағандықтан, үй иелері оны қуып шыққан. Ақырында әйел шиеттей төрт баласын ертіп, жаңбырдың астында қалғанын айтады.

Астанада күйеуі тастап кеткен әйел 4 баласымен бірге вокзалда түнеген

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Балалардың әкесі тұрмыстық қиыншылыққа шыдамай, отбасын тастап, қашып кеткен. Содан бері бұрынғы күйеуінен хабар жоқ. Жауапсыз әке алимент төлеуден қашып, өзінің амандығынан да хабар беруден қалған. Жалғызбасты ананың хикаясын Facebook желісінде Айжан Албан есімді желі қолданушысы баяндады.

“Осыдан бір жыл бұрын әйел төртінші перзентіне жүкті кезде оны күйеуі тастап кеткен. Сол уақыттан бері күйеуінен хабар жоқ, алимент те төлемейді. Келіншектің ата-анасы бар, Павлодарда тұрады. Бірақ өздері зейнеткер болғандықтан, еш көмек көрсете алмайды”, – дейді автор.

Баласын босанғанға дейін келіншек подъез жуып, күн көрген. Қазір екі бірдей баласы науқас болғандықтан, жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ. Бірі шемен ауруына шалдықса, кенжесінің туған кезде бас сүйегі өзгеріске ұшыраған. Оған қоса, суық күні жаңбырдың астында қалған балалар сырқаттанып қалған. Қайта әйелді байқаған еріктілер оған бірнеше күнге пәтер жалдап беріпті. Алайда ол да уақытша. Бірнеше күннен кейін көпбалалы келіншек қайтадан далада қалуы мүмкін.

Неге екені түсініксіз, мемлекет те жәрдемақы төлеуден бас тартқан көрінеді. Автордың айтуынша, әйел қажетті құжаттарды жинай алмаған болуы мүмкін. Дағдарыс орталығы да даладан қалған отбасын кіргізуден бас тартыпты.

Үйдің үлкені – 16 жаста. Мектепте оқитын жасөспірім сабақтан кейін жұмыс істеуге дайын. Алайда оған да лайықты жұмыс табу қиын болып тұр. Бұл орайда көпбалалы ана қазақстандықтардан көмек сұрайды.

Автор әйелдің парасатты, еңбекқор әрі зиянды әдеттері жоқ екенін айтады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар