Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлдың тәртіп сақшылары жұртты алдауға көшті

Пәтер ұрлықтарының алдын ау үшін олар өздерін түрлі коммуналдық қызмет өкілдері ретінде таныстырып, оған алданған тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тәртіп сақшылары мұндай қадамға амалдың жоғынан бардық дейді. Айтуларынша, өзгелеріне қарағанда пәтер ұрлығы жиі болатын және ашылуы тым қиын қылмыстардың бірі екен. Бұл туралы КТК хабарлады.

Петропавлдың тәртіп сақшылары жұртты алдауға көшті

Оған жол бергенше, алдын алған дұрыс деп шешкен полицейлер халықты есік қағып тұрған кез-келген адамға сене салуға болмайтынына осылайша үйретіп жүр. Пәтерлер көбіне жазда және жұрт жұмысқа кеткен кезде тоналады екен. Тәртіп сақшыларының бұл тәжірибесі барысында әрбір он пәтердің жетеуінің тұрғыны өтірік  сөзге  сеніп, есік ашқан.

«Мен қалалық газ қызметінің өкілімен дегенде, сөзіме сеніп, есікті аша салдыңыз. Мұныңыз дұрыс емес. Тесікке үңіліп, қарауыңыз керек еді, не болмаса, түрлі сұрақтар қойып, кім екенімді анықтауға тиіс болатынсыз. Осы жайт қаперіңізде жүрсін»,- дейді Петропавл қалалық ІІБ бөлім бастығы Ерболат Қаптаев.

Оқи отырыңыз:

Алматылық әйел өзін тастап кеткен күйеуінен өш алу үшін ұлын Люцифер деп атады

Бала әкесімен бірге қалды: Оралда қатыгездікпен өлтірілген ананың өліміне қатысты жаңа мәліметтер

Оңтүстік Қазақстан облысында көші-қон қызметі бөлімінің бастығы ұсталды

Назарбаев орыс тіліндегі кейбір сөздердің қазақ тіліндегі аудармасына ұялады

 

Талқылау