Назарбаев орыс тіліндегі кейбір сөздердің қазақ тіліндегі аудармасына ұялды

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев кейбір шетелдік сөздердің қазақ тіліндегі аудармасына көңілі толмайтынын айтып, сынға алды. Ол бұл туралы «Жаңа гуманитарлық білім» жобасының аясында қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтарды таныстыру шарасында айтты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

«Шетелдік, әсіресе орыс тіліндегі сөздерден құтылуды қалап едік. Қаншама сөздер қазақ тіліне аударылған. Тіпті, кейбір сөздерді айтуға ұяласың. Әрине, кейбір терминдер өте жақсы аудармасын тауып жатса, кейбіреулері жай аудару үшін ғана жасалған. Халықаралық «процент» сөзін түркі тіліндегі емес, парсы тіліндегі «пайыз» сөзіне аударған. Мен бұған келіспеймін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа гуманитарлық білім» жобасының аясында қазақ тіліндегі 100 оқулықтардың тұсаукесерінде.

Президент кейінірек композитор Еркеғали Рахмадиевтің «композитор болып едім, енді сазгермін деп айтқан сөзін есіне алды.

«Композитор, пианино – халықаралық сөздер. Оларды аударғаннан не аламыз? «Пианино» сөзін «күйсандық» деп аударып қойған. Сонда «сандық» қазақ тілінде қандай мағына береді?»,-деп жалғастырды Елбасы.

Алайда президент кейбір сөздердің қазақ тіліндегі аудармасы өте жақсы тапты.

«Мороженое сөзін «балмұздақ» деп өте жақсы аударған. Халықаралық терминдер қазақ тіліне еніп жатса, оны тек қана байытып қана қоймай, сондай-ақ сөздердің санын көбейтеді», – деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев: Мен күн сайын латын әліпбиімен жазамын

Назарбаев: Мешітте намаз оқу үшін де білім керек

Қуан, қазақ: Баландин Испания біріншілігінде үшінші алтынға қол жеткізді

Теңге құлдырап барады: Ақшаны қай валютамен сақтаған қауіпсіз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар