Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала әкесімен бірге қалды: Оралда қатыгездікпен өлтірілген ананың өліміне қатысты жаңа мәліметтер

Семейлік келіншек Оралда қайын атасының қолынан қаза тапты. Ақерке Қозыкешова Батыс Қазақстанға бұрынғы күйеуі мен енесі әкеткен бір жарым жастағы ұлын алып қайту үшін барған болатын. Әйтсе де, баланы бергісі келмеген Асылбек Омаров келінін аямай соққыға жығып, артынша пышақтап өлтірген. Сосын полицияға өзі барып, жасаған қылмысын мойындаған. Бірақ келіншектің жақындары оның жалғыз өзі өлтіргеніне күмән келтіріп отыр, деп хабарлады КТК.

Оралда қайын атасы немересі үшін келінін бауыздап өлтірді

 

Саят пен Ақерке бір-бірінен сүйіп қосылғанымен, кейін дәм-тұздары жараспай ажырасып кеткен. Ал сот баланы анасына қалдыру туралы шешім шығарыпты. Бірақ әкесі артынша Семейге кешірім сұрап келген болып, ұлы Әлішерді Оралға алып кетіп қалған. Енді қара жамылған отбасы келіншектің баланы қайтарып алу үшін жазған арызына құқық қорғау органдары құлақ аспады деп отыр.

«Ішкі істер органдары, қайда қарап отырсыңдар? Ананың өліміне жеткізбей осыны шешуге болмады ма? Астанаға дейін шыбын жаны шырқырап барды ғой. Неге көмектеспедіңіздер?»,-дейді Ақерке Қозыкешованың әпкесі Райхангүл Әбдірахманова.

Қанды оқиға сол жалдамалы пәтерде болған екен. Ақеркені алғашында аяусыз соққыға жығып, артынша жүрегіне пышақ салған. Бүгінде Оралға мәйітін әкелуге кеткен жақындары қыздың сау-тамтығы қалмағанын алға тартып отыр. Ал марқұмның қайын атасы мұндай қадамға әдейі барғанын айтып, полиция қызметкерлеріне өзі берілген. Әйтсе де, жақындары оның қылмысты жалғыз жасадым деген сөзіне сенбейді.

«Әрі, ол жерде Саят та болды. Баласын жібермеу үшін әкесі кінәні өзінің мойнына алып отыр. Ол анасын өлтірдім немерем үйде болады деп ойлады»,-деді марқұмның әпкесі Бақытгүл Сарқытбекқызы.

Бүгінде келінімді өз қолыммен өлтірдім деген 54 жастағы Асылбек Омаров қамауда отыр. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

«Үкімді Орал қалалық соты шығарады. Ал оған дейін күдікті екі ай бойы қамауда отырады. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр»,-деп түсіндірді БҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ибрагим Жүсіпқалиев.

Сондай-ақ, пәтерге тексеріс жүргізген полиция қызметкерлері оқиға орнынан төрт пышақ тауып алған. Алайда олар жуып қойылғандықтан, бір де бір адамның саусақ ізі қалмаған көрінеді. Тіпті қайын атасы Асылбек Омаровтың да таңбасы жоқ. Сондықтан туғанынан қапыда айырылып қалған отбасы Ақеркенің бұрынғы күйеуі – Саят Қозыкешовтің де тергелуін талап етіп отыр.

Оқи отырыңыз:

Оңтүстік Қазақстан облысында көші-қон қызметі бөлімінің бастығы ұсталды

Назарбаев орыс тіліндегі кейбір сөздердің қазақ тіліндегі аудармасына ұялады

Назарбаев: Швейцарияда қарапайым такси жүргізушісі төрт тіл біледі

Нұрсұлтан Назарбаев: Мен күн сайын латын әліпбиімен жазамын

Талқылау