Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Швейцарияда қарапайым такси жүргізушісі төрт тіл біледі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халқы бірнеше тілде еркін сөйлейтін Швейцария елін қазақстандықтарға үлгі етті. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекет басшысы билік тарапынан қазақстандық балалардың үш тілді еркін меңгеруіне толық жағдай жасалып жатқанын атап өтті.

«Ол балалар үшін жақсы, оның еш жамандығы жоқ. Швейцарияға барсаңыздар, қарапайым такси жүргізушісінің өзі төрт тіл біледі. Себебі ол жақта ағылшын тілі… Неміс, француз, итальян тілдері міндетті деп саналады. Тағы бірнеше тіл бар. Оның барлығы мемлекеттік тіл саналады. Түсінесіздер ме? Жап-жақсы өмір сүріп жатыр», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында өткен оқулықтар тұсаукесерінде.

Назарбаев БҰҰ мәліметіне сәйкес, әлемде әр оныншы адамның жаза алмайтынын атап өтті. Сондай-ақ, ғаламда мектеп жасындағы 270 миллион баланың партада отырып көрмегенін атап өтті. Бұл орайда елбасы қазақстандықтарды берілген бар мүмкіндікті пайдаланып, білімді жетілдіріп отыруға шақырды.

Оқи отырыңыз: 

Нұрсұлтан Назарбаев: Мен күн сайын латын әліпбиімен жазамын

Назарбаев: Мешітте намаз оқу үшін де білім керек

Нығматулин: Ақышев, нақты жауап бер дегенді түсінесіз бе, бізге лекция оқымаңыз

ЭКСПО-2020: Дубайдағы халықаралық көрмеде Қазақстан ең үлкен павильон салмақ

 

Талқылау