Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЭКСПО-2020: Дубайдағы халықаралық көрмеде Қазақстан ең үлкен павильон салмақ

Біріккен Араб Әмірліктері 2020 жылы Дубайда өтетін ЭКСПО алаңынан Қазақстанға ең үлкен құрылыс аймағының бірін берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

ЭКСПО-2020: Дубайдағы халықаралық көрмеде Қазақстан ең үлкен павильондардың бірін салмақ

«Қазақстанның құрылыс нысанына үш жарым мыңға жуық шаршы метр жер бөлінген. Біздің көрменің қасында БАӘ, Монако, Швейцария мен Люксембург павильондары орналасады», – деп хабарлады Қазақстанның БАӘ-дегі төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф «Қазахстанкая правда» газетінде жарияланған мақаласында.

Дипломаттың айтуынша, ЭКСПО-2020 көрмесінің табысты өтетінін қазірден болжауға болады. Себебі көрменің басталуына екі жыл бар болса да, 150 ел қызығушылық танытып, 38 мемлекет келісім-шартқа қол қойған.

«Қазақстан ЭКСПО-2020 көрмесіне баса мән беруде. Еліміз көрменің «Ақылды біріктіріп – болашақты қалыптастырамыз» тақырыбын қолдайды. БАӘ қазақстандықтар жиі демалатын аймақтың бірі. 2018 жылдың 10 наурызынан бастап Қазақстан азаматтары үшін визасыз режім енгізуі екі ел арасындағы туристік байланысты нығайтатыны сөзсіз», – деді Қайрат Лама Шариф.

Еске сала кетейік, Халықаралық ЭКСПО көрмесі 2020 жылдың 20 қазаны мен 10 сәуірі аралығында Дубайда өтеді. Ұйымдастырушылар шамамен 25 миллион қонақ келеді деп күтуде. Атап өтетін жайт, ЭКСПО көрмесі алғаш рет Таяу Шығыста өткелі отыр.

Тағы оқыңыз: 

Танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген оң көзінен айырылып қала жаздады

Қызылордада бүлдіршіннің құлағындағы сырғасын алдап шешіп алған көпбалалы ана алаяқтық қылмысы үшін жазаланды

Қостанайда жетім және жағдайы төмен қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Достық плаза мен Глобус: Алматыдағы қауіпті сауда орталықтары белгілі болды

Талқылау