Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Достық плаза мен Глобус: Алматыдағы қауіпті сауда орталықтары белгілі болды

Алматы қалалық төтенше жағдайлар бойынша департаменті қаладағы қауіпті сауда орталықтарын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Достық плаза мен Глобус Алматыдағы қауіпті сауда орталықтары белгілі болды

ТЖД-ның хабарлауынша, 2-6 сәуір аралығында 22 объекті тексерілген. Оның нәтижесінде 388 ереже бұзу фактісі тіркелді. Департармент мәліметіне сүйенсек, барлық сауда орындарының қателігі бірдей.

“Эвакуация жолдарының жабық болуы, «Шығу» жарық белгісінің жоқтығы, ешкімге қызмет көрсетілмегендіктен, ғимараттың өртке қарсы қызметі жарамсыз күйде”, — деп атап өтті ведомство.

Бас-аяғы 10 объектіде тексеріс аяқталды. Тексеріс нәтижесі бойынша акт табысталды, сондай-ақ, бірқатар сауда орталықтарына әкімшілік айыппұл салынды.

Кәсіпкерлер бұйрықта көрсетілген мерзім ішінде олқылықтарды жөндеуі тиіс. Бұл орайда Алматы ТЖД келесі сауда орталықтарын қауіпті деп тапты:

“Достық Плаза” сауда орталығы, Самал-2, Жолдасбеков көшесі (Достық даңғылы)

“Глобус” сауда орталығы, Абай даңғылы, 109 “В”;

“Спутник” сауда орталығы, Мамыр-1 ықшам ауданы, 8 “А” үй;

“Март” сауда орталығы, Р. Зорге көшесі, 18/4;

“ТехноДом” сауда үйі, Наурызбай батыр көшесі, 49/61;

“Тастақ” базары, Төле би көшесі, 266;

“Өжет” базары, Бекболат көшесі, 2/91;

“Қазына” базары, Солтүстік айналма 64;

“Сайран” автовокзалы, Төле би көшесі, 294.

Айта кетейік, Кемеровода болған оқиғадан кейін Қазақстанда өрт қауіпсіздігін тексеру шаралары басталды. Естеріңізде болса, «Зимняя вишня» сауда орталығында болған өрттен 64 адам қаза тапты, олардың 41-і балалар еді.

Оқи отырыңыз: 

Оралда есімін жасырған азамат көпбалалы отбасыға баспана алу үшін 1 млн теңге әкеп берді

Петропавлда “бала тууы төмендеді” деп жалғыз перзентхананы жабайын деп жатыр

Ақтөбе лифтінде көз жұмған тележүргізушінің күйеуі: Қызым анасын сұрамайды

Сал ауруына шалдыққан 12 жасар қыз “Балапан” арнасының жүргізушісі атанды (видео)

Талқылау