Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда ұрылар темір есікті пышақпен кесіп кірген

Ұрылар небәрі бірнеше минуттың ішінде жаңа “Астана” тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірін бұзып кірген. Олар темір есікті кесу үшін қарапайым пышақты пайдалаған екен.

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Есікті пышақпен кесіп жатқан ұрыларды ешкім байқамаған. Мұнымен қатар, ұрлық туралы ұрылар қашып кеткен соң ғана білген екен.  “Сырт көзге мінсіз болып көрінсе де, мұндай есіктердің сапасы тым нашар. Оның жұқа болғаны соншалық, ұрылар оны әдеттегі пышақпен кесіп кірген екен”, – дейді тұрғындардың бірі.

Тұрғындар құрылысшылардың сапасыз есікті пайдаланғандарын айтып шағымданып жатыр. Көпшілік жоғарыдағы оқиғадан кейін есіктерін өз ақшаларына жаңартпақ. Ал ұрыларды құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда дәмхана өртенді (видео)

Астанада Назарбаев университеті аумағында жаппай төбелес болды (видео)

Шымкентте дәмханадан шыққан өрт үйлерге өтіп кетті (видео)

Алматыда 23 жастағы жігіт әйел адамды қағып өлтірді

Талқылау