Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда белсенділер мектептерде хиджаб киюге рұқсат берілуін талап етуде

Қарағандыдағы «Кепіл» тұтынушылар құқын қорғау қоғамы мектептерде хиджаб киюге рұқсат берілгенін қалайды.

b01ef40d

Олар осы талаптарын қағазға түсіріп Білім және ғылым саласының вице-министрі Тахир Балықбаевқа жолдады, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

«Біздің хатымыз бірнеше мәселені бірден қамтып отыр. Негізгі өтініш бірі мектеп жасындағы қыздардың хиджап киюіне рұқсат алу. Мұнда қарап тұрсаңыз балалар хиджап киіп өзге қатарластарының құқығын бұзады екен. Олар бұл жерде тең дәрежеде болу заңын шатастырып отыр. Онда біздер мектепте қымбат киімдер мен бұйымдарды ұстауға тыйым салайық. Ұстанымның тәртібі осындай болса бәріне сондай тыйым салыну керек»,-дейді белсенділер хатында.

Сондай-ақ, белсенділер мүшесі әлемдік тұрақсыздықтағы негізіг мәселелердің бі де осы хиджаб екенін атап көрсетеді. Мұндай тыйымды азаматтың діни ұстанымына шектеу қоюмен теңейді.

«Мұндай жағдайда діндегі адамдар мәселеден шығудың жолын іздейді. Осындайда діни қақтығыстар болып жатқан өңірлерге кетулері де мүмкін. Мұндай қысымдар азаматтарды елден қашуға мәжбүрлейді. Дінге бет бұрған адамдар бөлек болады. Олар барлық заттан дінді жоғары қояды.

Ал біздің елге халықтың осында тұрақтағаны керек емес пе?»,-дейді белсенді

«Кепіл» қоғамының белсенділері мектептердегі бірдей киім болғанның өзінде хиджаб киген оқушылар ешқандай шектен шығуға бармайтынын айтады.

«Тағы бір айтакетерлік жайт, хиджабтағы қыздар оқу орнының ішкі тәртібін бұзбайды. Тек бас киімдері болмаса ешкім бетін бүркеп келмейді сабаққа. Ал орамал жайлы мектеп заңында ештеңе айтылмаған. Ондай қосымша заттарды айтаберетін болсақ,барлығы бірдей шұлық,бірдей көзілдірік тағу мәселесін көтерейік»,-дейді «Кепіл» қоғамының белсенділері.

Қазақстан парламенті білім саласындағы кемсітушілікпен күрес Конвенциясын ратификациялау бойынша заң қабылдады. Бірақ онда хиджаб киюге байланысты мәселе қарастырылмаған деген еді Тахир Балықбаев.

«Бұл Конвенцияның 5-ші тармағында ата-аналар өз балаларын өздері қалаған дінде тәрбиелеуіне рұқсат етіледі делінген. Бұл әрекеттің оқу орынына ешқандай да кері әсері немесе ішкі заңына қайшы тұсы жоқ. Жоқ, бұл дегеніңіз оқу орнында хиджаб киюге рұқсат етіледі деген сөз емес»,-деген Балықбаев.

Министр орынбасары бұл заң діни мекемелерге еш қатысы жоғын атап айтқан. Мысалы медресе сынды білім алу орындарында басқа ішкі тәртіп қарастырылатыны айтылған.

Талқылау