Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында тасқынға қатысты сотта Мәжіліс депутатының аты аталды

Қарағанды облысында былтыр көктемде тасқын шайған Көкпекті ауылындағы қайғылы оқиғаға қатысты сот басталды. 5 адамның өмірін жалмап, 300-ден аса шаңырақты ойран еткен апатқа 1 кәсіпкер мен екі шенеунік жауап беріп жатыр, – деп хабарлайды 31 арна.

Алғашқы процесте-ақ айыптау қорытындысы аталған үшеудің жіберген олқылықтары мен қылмыстарын тізіп берді. Зардап шеккен жұрт та, «шығындардың өтеуі осылардан бола ма» деп айғайға аттан қоса келген. Алайда сотталушылар қылмыстық істің атүсті жүргізілгенін айтып, бұл нағыз кінәлілердің құтылып кетуіне жол ашады деп мәлімдеді.

Бұл 2014 жылдың 30 наурызында апаттың жақындағанынан құлағдар болған жұрт көшеде сеңдей соғылысқан.  Апат салдарынан 5 адам өліп, үш жүздей баспана қирап, мыңнан аса мал қырылған болатын. Бір жарым жылға созылған тергеуден кейін осы аптақа айыпты деген үшеу бүгін соттың алдында тұр. Олар қойманы жалға алып, балық шаруашылығын жүргізген «Табиғат» фирмасының директоры Дмитрий Крючков пен ауыл әкімі Бақытжан Смайылов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бұрынғы бастығы Ринат Жантүлеков.

Талқылау