Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канело су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдау білдірді

Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль Канело Альварес су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға арнап желіде пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/canelo/

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Канело су тасқынына байланысты Қазақстанға қолдау білдірді.

“Қазақстан халқы үшін дұға етеміз. Атырау мен Орал. Біз сіздермен біргеміз”, – деп жазды спортшы Instagram-дағы парақшасына.



Еске салайық, Головкин мен Канело үш рет кездесу өткізген. Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, қалған екі жекпе-жекте мексикалық жеңіске жетті. Оның үстіне GGG-дің соңғы жеңілісі былтыр күзде болды.

Талқылау