Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канадалық азамат бір қырына қарай қозғалатын автокөлік дөңгелегін ойлап шығарды (видео)

Канадалық өнертапқыш барлық бағытқа қозғала беретін дөңгелек ойлап тапты. Автокөлікке ол тапқан дөңгелекті орнату арқылы тіпті бір қырымен де жүре беруге болады. Бұл әсіресе көлікті тұраққа қойған кезде өте ыңғайлы екен.

машина

Уильям Лидьярд мұндай дөңгелекті қазіргі таңдағы заманауи автомобилдердің барлығына дерлік еш қиындықсыз орнатуға болады дейді. Оның да базалық мүмкіндіктері кәдімгі дөңгелектер секілді жасақталған. Сондай-ақ, өнертабыс авторы оның кез-келген ауа-райына қолайлы және жол жағдайына бейімделе алатынына кепілдік беріп отыр.

Мұндай дөңгелекті автор аз жанармай жағатын Toyota Echо көлігіне орнатып көрген. Бейнежазбада ол өнертабыстың мүмкіндігін паш етеді.

Талқылау