Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қалаулым” арқылы отбасын құрған жұп қазіргі өмірлері туралы айтты

Көпшілік сынына іліккен  «Қалаулым» бағдарламасында өз сүйіктісін жолықтырған  Бекболат Қарабалаев бүгінде бақытты екенін айтады. Жасы қырыққа жақындаған кезде барша қазақстандықтың алдына шығып өмірілік жар іздеудің өзі үлкен батылдық.

Stan.kz тілшісіне сұхбат берген актер өмірі мен шығармашылығын шатастырып сынаған халыққа өз шындығын айтты.

Бірінші әйеліңізбен қанша жыл тұрдыңыз? Ортақ балаларыңыз болды ма?

-Бес жарым жылдай бұрынғы заңды некелескен әйеліммен тұрдым. Одан кейін бұрынғы жарыммен сөзге келіспей, бір­­­­ – бірімізді түсінбегендіктен заңды түрде ажырастық. Айырылысқанымызға шілде айында үш жыл болады.

Болған жағдайларға қарамай “Қалаулым” бағдарламасына келіп, бақыт үшін күресіп жұбайымды таптым десем артық емес.

Қалаулымға» қалай келдіңіз?

-Мен «Қалаулым» бұндай бағдарлама болатынын ойламадым. Кино саласында бір танысым бар, сол кезекшілік жұмыста отырғанымда маған xабарласып әлеуметтік  желі арқылы кастингтің мекен-жайын жіберді. Осы бағдарламаға барып көрсең болады.

Ақыры бос жүрсің, басың бос, бойдақсын, неге үйленуге тырыспайсың, – деп кеңес берді. Ойлана келе кастингке қатыстым. Бірнеше рет шақырды. Менде барып, өзім жайлы айттым. Өткен өмірімнің айтарлықтай дүниелері болғандықтан ба, қабылдады. Біраз күн өткен соң кастингтен өттіңіз деген xабарлама келді. Содан қатысып, мінекей, өз жарымды таптым.

Бұл жоба өміріңізді қанша пайызға өзгертті?

-Бұл бағдарламаға қатысқаныма өте қуаныштымын. Өйткені бұл бағдарлама оң мен сол жағымды өзгертіп, ерекшелендіріп берді. Бағдарлама арқылы ақ пен қараны ажырата алатын жағдайға жеттім. Дос табуды, орынды сөйлеуді үйретті және бұрынғыданда сабырлы болуға өз септігін тигізді. Аллаға шүкір!

Осы бағдарлама арқылы шын мәнінде жар табатыныңызға сендіңіз бе?

-Әрине, мен бұл бағдарламаға міндетті түрде үйленемін деп келдім. Кейіннен қарап отырсам үміткерлердің көбісі өз-өздерін көрсету үшін келгендер екен. Олардың ішінде «Қалаулымға» қатысудың жолын іздегендерде табылды.

Мені жаман атты етіп, өзін көрсеткендерде болды. Осыдан кейін бағдарламадан кетемін деп xалыққа уәде берген болатынмын. Бірақ жанымдағы жора-жолдастарым: – “Бәке, енді келген екенсіз мақсатты орындап, үйленіп бір-ақ кетпейсіз ба, xалықтың алдында да екі жүзді боласыз ғой, кейін сізді өз-өзін көрсетуге келді деп ойлап қалады”, – деді.

Сосын ойланып мақсатты орындауға бел будым. Міне, Алланың маған жасаған тосын сыйы болар қалаулым бүгін жанымда.

Той жасадыңыз ба? Әлде дүркіретпеуді жөн санап отырсыздар ма?

– Мен бағдарламада айтқан едім “осы жақтан қалаулымды тауып жатсам, сіздердің, яғни қалаулымның салт-дәстүріне сай өз жарыммен шығарып салса, бағдарламадан тыс жерде той өткізбеймін”-дегенмін. Оның үстіне, біз той жасайтын жастан өтіп кеттік.

Бірінші тойымды жасадым. Ал екіншісін қазақы салт-дәстүрмен, шариғат жолымен жасағанды жөн көрдім және солай xалық алдында уәде бергенмін. Әрине, уәдемді де орындадым. Ауылға барып ағайындарым мен туыстар арасында қазақша танысу дастарханын жайдық.

Жақында өткен xалықаралық әйелдер мерекесінде жарыңызды қалай қуанттыңыз?

– Жақында өткен 8 наурыз xалықаралық әйелдер мерекесінде біз Астана қаласында болдық. Сол кезде келіншегіме тәтті тосын сыйлар беріп ерекше құттықтадым.

Сізді отандық кинолардан көріп тұрамыз. Осылар жайында айта кетсеңіз. Кино саласына қалай келдіңіз? Негізі актерсіз ба?

– Өз басым киноға түсемін деп ойламағанмын. Ия, Қазақстандық арналардағы қысқа метражды киноларға түскенмін. Бұл салаға ойламаған жерден келдім.

Маған берген тағдырдың тосын сыйы шығар. Жұмыстан шығып бара жатып, көшеде өтіп жатқан кино түсірілімге қызығып қарап, режиссерге барып:- “қалай түссем болады? киноға шақырыңызшы” – деп өтініш білдірдім. Ол кісі “біздің қатысымыз жоқ, оны кастинг директоры шешеді, сізге мүмкін нөмірін берермін”- деп нөмірін берді.

Мен артынша xабарласып, бірнеше суреттерімді жібердім. Артынан маған басты рөл бұйырып, Шырақшы батырды сомдадым. Маған бұл сала ұнап, ізденіп, Қазақстандық бірнеше киноларға түстім.

-Қалаулымды қызыңыз қалай қабылдады?

-Әрине, дұрыс сұрақ, менің қызым негізінде анасымен тұрады. Біз сирек кездесеміз. Бірақ қызыммен телефон арқылы жиі xабарласамын. Қызым бір кездескенімізде маған «өзіңізді ойлағаныңыз дұрыс, өз-өзіңізді көп ойлаңыз» деп бірнеше рет қайталады.

Ол сөзді үйленіп, өміріңді жалғастыр деген мағынада шығар деп түсіндім. Бірақ қызым xабарласқанда сізді бағдарламадан көремін, жарыңызды іздеп жүр екенсіз ғой деп үндемей қалатын. Кейін xабарласқанда түсініп, бәрі дұрыс екенін айтты. Соған қарағанда бәрін дұрыс қабылдаған шығар деп ойлаймын.

-Қалаулымда ең көп қыз сізге келгені белгілі. Басқалардан жұбайыңыз қалай ерекшеленді?

-Ия, маған көп қыздар келгені рас. Мен жарымның бойы орташалау, көзі ашық, пысықтау болса деп армандайтынмын. Бірінші көргенде жүзі жарқын көрінді. Сол кезде осы қыз менің өміріме серік болатын шығар деп ойладым. Шыны керек, бір көргеннен ұнады.

Солтүстіктікі болғандықтан орысшалау. Қазіргі уақытта сексен пайыз орысша, жиырма пайыз қазақша сөйлейді. Мен өзімнің жарымның қандай болу керек екенін басында сипаттап айтып кеткенмін. Соның бәрін Эльмираның бойынан көре алдым.

Тек жіберіп алмауды көздеп, уақыт созбай қол жеткізуге тырысып, Аллаға шүкір, бүгінгі күні бір отбасы болып отырмыз.

– Ендігі жоспарыңыз қандай?

Қазақстанның біртуар азаматы, үлгілі отбасы болып, ары қарай балалы-шағалы, бақытты өмір сүрсек деген ойымыз бар.

Оқи отырыңыз:

Рахман Омар: МС Сайлаубекте табиғи тазалық бар

Айман: Мұраттың толып, сахнадан көрінбей кеткеніне алаңдаймын

Бақытбек Есентаевтың қарындасы “Баян Сұлу” байқауына қатысып жатыр (фото)

Мәдина Сәдуақасова: Күйеуімнің талабы бойынша қонаққа бармаймын, қонақ шақырмаймын

Данагүл Темірсұлтанова актриса қызының жігітпен кездесіп жүргеніне байланысты пікір білдірді

Талқылау