Күйеуі пышақтаған Баян Есентаева есін жиды

Сенбі, 11 Маусым , 2016 10:04

Танымал тележүргізуші әрі продюсер Баян Есентаева есін жиды. Дәрігерлер оның жағдайының тұрақты екенін айтып жатыр.

image

 

Баян Есентаева маусымның 10-ы күні сағат 12:55 шамасында Талғар қаласының ауруханасына жеткізілген. Ол бас-ми жарақатын алып, мұрны сынып, кеуде тұсынан пышақталған. Оған ота жасалып, дәл қазір жан сақтау бөлімінде жатыр екен.

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы Асхан Байдуәлиев Bnews.kz порталына берген сұхбатында продюсердің ішегін тіккенін айтты. Айтуынша, басында қанды ісік жоқ, бірақ жәй ісіну бар. Мұнымен қатар, Баян Есентаеваның ес-түссіз жеткізілгенін хабарлады.

“Әзірге бір нәрсе айту әлі ерте. Оның жағдайы тұрақты-ауыр. Дәрігерлеріміз кеше оған ота жасады. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр”, – дейді Алматы облысының бас дәрігері Асхан Байдуәлиев.

Маусымның 10-ы күні Талғар ауданынның жанармай бекетінде Баян Есентаева мен күйеуінің арасында түсініспеушілік болғаны расталды. Соңында жолдасы продюсерді соққыға жығып, бірнеше жерден пышақтаған.

Алматы облысы ІІД Бақытбек Есентаевқа қатысты қылмыстық тергеу жұмыстарының жүргізілгенін растады. Ал Баян Есентаеваның орнына телефоннан белгісіз әйел журналистерге жауап беріп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Рэпер жігіт Баян Есентаеваға тағы да өтініш білдірді (видео)

Баян Есентаева өзіне өтініш білдірген жігіттің бетін қайтарды

Баян Есентаева әріптестерінің жаға жыртысуға дайын тұратынын айтты

Есентаева: Цирк басшылығының Мұтырғановтан кешірім сұрайтыны анық

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Анонимно says:

    Баян есіне түсінсін берілген белгіні 3 рет ұмытқан сақтануы керек

  • Анонимно says:

    Жел турмаса шөптің басы кимылдамайды! Главный аман қалыпты шукир

  • Мақсат Жұмабайұлы says:

    Қазақтың қайсар қызы, берілме! Ораза айында Алла шипасын берсін!

  • Жұмбақ жан says:

    Адам сенгисиз нарсе екен тез сауыгып кетсин

  • Жұмбақ жан says:

    Аман есен сауыгып кетсин.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар