Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгісіз әйел өзін Баян Есентаевамын деп таныстырып, соққыға қатысты ақпаратты жоққа шығарды

Белгісіз әйел өзін Баян Есентаевамын деп таныстырып, журналистер хабарласқан кезде өзіне қатысты ақпаратты жоққа шығарып жатыр.

image

Күні кеше Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, пышақтап кетті деген хабар жұртты дүрліктірген-ді. Мұны Алматы облысының ІІД де растады. Алайда Есентаеваға телефон соққан журналистерге “белгісіз әйел” тұтқаны көтеріп, ақпаратты жоққа шығаруда.

Total.kz ақпараттық порталының журналисі продюсерге хабарласқан-ды. Диалог келесідегідей жүргізілген екен:

– Иә!

– Баян, сәлеметсізбе! Мен Total.kz ақпараттық порталының журналисі Айнұр Коскинамын.

– Қыздар, менің жағдайым жақсы. Сіздерге мұндай ақпаратты кім бергенін білмеймін. Ме дәл қазір Германияда демалып жатырмын.

– Алматы облысы ІІД сіз туралы ақпаратты ресми түрде растады.

– Мен ол жақта кімнің нені растап жатқанын білмеймін. Бірақ мұны анықтайтын боламын. (…) Маған журналистер хабарласып жатыр, жаңалықты естіп шошынып қалдым.

– Баян, сіз әдетте Инстаграм желісінде белсенділік танытасыз. Бірнеше күннен бері еш жаңалық салмадыңыз. Неге?

– Бүгін профилімді жаңартамын. (…) Кейінірек сурет саламын.

Десе де, “Время” газеті күйеуіне қатысты “Адамның денсаулығына қасақана зиян келтіру” 106 бабы бойынша ҚР ҚК тергеу жұмыстарын жүргізіліп жатқанын, продюсерге ауруханада ота жасалғанын хабарлаған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Әсел Ақбарова күтпеген жерден Баян Есентаеваны алмастырды

Баян Есентаева жұртқа хан сарайындай үйін көрсетті (видео)

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

Есентаева КешYOU концертіне Мөлдір мен Жанардың не себепті қатыспағанын түсіндірді

 

Талқылау