Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ирландиялық азамат 10 жылда әлемнің бүкіл еліне барып шыққан

Солтүстік Ирландияның тұрғыны Джонни Уорд бүкіл әлем елдеріне табаны тиген адам.

2017031810041063027_8d1041d47aa8229f6a1ef46cad97aced

Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.

33 жастағы жігіт соңғы 10 жылын тек саяхаттауға арнаған. Енді ол әлемдегі барша елге барып шыққанмын деп мақтанса әбден жарасады.

Алғаш 2006 жылы сапарға шыққан кезде қалтасында көк тиын да болмапты. Бірақ саяхаттау барысында ол өзінің тревел-блогының арқасында 1,5 млн доллар табыс табады.

Ол саяхаттаған кезде қонақүйлер мен шипажайларды емес, қаңырап қалған орындар мен қарақшылар мекендейтін жерлерге аяқ басқан. Оның сапар кезінде сыбайлас шекарашылар, ұрылар, заңсыз миграцияны ұйымдастырушылармен күресуіне тура келген. Ол бір кездері өршіген Эбола эпидемиясына байланысты екі рет Либерия шекарасында тұтқындалады.

Алайда алдынан шыққан қиыншылықтар саяхатшыны алған бетінен қайтара алмады. Ол барған елінің қадір-қасиетін сезіне алу үшін бірнеше күн немесе бірер апта тұрақтауға тырысты.

“Мен барған елімнің сұлулығын бағалап, түсінуге тырысып бақтым”, – дейді ол. Уордтың ата-анасы кедей жандар екен. Ол саяхатқа шығу туралы шешімді өзі қабылдап, ақшаны да осы сапар барысында табады.

Белгілі бір уақыт өткен соң оның блогындағы жарнамалар айына 5000 доллар әкелетін. Қазір әлемді аралап шықсам деген арманына қол жеткізген жігіт енді не істейтінін ойластырып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Ер адам баласын аңдимын деп әйелінің бөтен еркекпен секспен айналысқанын байқап қалды (видео)

Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде намаз оқып тұрған азамат сәждеде көз жұмды (фото)

42 жастағы америкалық әйел кәмелетке толмаған оқушыларды зорлағаны үшін жауапқа тартылды

Қырғызстан президентінің қызы жалаңаш суретін жариялап елдің сынына ілікті

Талқылау