Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Instagram-ның кесірінен болған өлім: Павлодарда омбылық студентті өлтірген жігіт сотталды

Павлодар қаласының  21 жастағы  тұрғыны Омбы мемлекеттік университетінің екінші курсында оқып жүрген студентті өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұндай шешім Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қабылданды.

Instagram-ның кесірінен болған өлім: Павлодарда омбылық студентті өлтірген жігіт сотталды

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Омбы қаласында оқып жүрген 19 жастағы студент жылы киімін алу үшін Павлодардағы үйіне үш күнге келген. Өкінішке орай, ол оқуына орала алмады.

Ол жол жүрмес бұрын 29 қазан күні достарымен бірге түнгі клубта көңіл көтермекші болған. Олардың жанында өздеріне таныс үш қыздан құралған топ көңіл көтеріп жүрген. Таңғы төртте қыздар үйіне жиналған соң, студенттің досы танысына хабарласып оларды үйге апарып салуын өтінген. Жолдасы оларды үйлеріне жеткізіп салуға келісті.

Қыздар жігіттің көлігіне отырғанда, олардың біреуі Instagram-дағы тікелей эфирге шыққан. Қылмыстық оқиға осыдан басталып отыр. Қыздың тікелей эфиріне мас болып, өз үйінде демалып жатқан досы кіріп оның осы уақытқа дейін неге ұйықтамай жүргенін сұраған. Сол уақытта жүргізуші қызды сұрақ астына алып, тергеп отырған жігіттің оған кім болып келетінін сұрай қалған. Бұны естіген қыздың досына, жүргізушінің сұрағы ұнамай қалды. Ақыры соңында көлік иесі мен жолаушы қыздардың арасында қақтығыс орын алып, жүргізушісі бойжеткендердің ешқайсысын үйіне апармады. содан кейін қыздар көліктен түсіп, такси іздеп кеткен.

Ал осы көлікте омбылық студент отырған бір топ жігіттер де үйлеріне жол тартқан. Жолда жүргізушіге қызды сұрақ астына алған жігіт хабарласып, оған бойжеткендерді неліктен үйіне апарып салмағанын айтып, сұрақ астына алған. Мас жігітке жүргізушінің телефон нөмірін онымен сөзге келіп қалған қыз берген екен. Қыздың досы әңгімелесу соңында мәселенің басын ашу үшін жүргізушіге өзі тұратын мекен-жайға келуді ұсынды.

Автокөліктің иесі қалған жолаушыларға осы ұсыныс туралы айтқан. Оларды шақырған жігіттің үйі жақын маңда болғандықтан, аталған мекен-жайға бірге баруды жөн көрген.

Жігіттермен кездесуге шыққан қыздың досы үйінен пышақты алып шыққан. Жүргізуші мен бейтаныс жігіт  арасындағы қақтығыс аулада жалғасты. Көліктегі жолаушылар сол уақытта автокөліктен шығып, екі жігіт арасындағы жанжалды бақылап тұрған. Сол уақытта жанжалды бастаған жігіт омбылық студенттің күлкісін келтірген сөз айтқан. Бұған ашуланған мас жігіт жүргізішімен арадағы кикілжіңді ұмытып, омбылық студентке тап берген.

Ашуға булыққан жігіт кенеттен студенттің мойын мен кеудесін пышақпен ұрған. Студент өзін қорғай бастап еді, оған достарының бірі көмектесіп жігітті аяғынан шалып қалған. Бірақ жігіттердің көлікке отырмақшы болғанын көрген азамат, олардың артынан келіп омбылық студентті бірнеше рет пышақтаған.

Жараланған студенттің жолдастары оны бірден ауруханаға жеткізген. Өкінішке орай, ауыр жарақат алған 19 жастағы студент сол жерде көз жұмды. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, жігіт бірнеше жерінен жарақат алғандықтан көп қан жоғалтып қайтыс болды.

Ал кісі өлтіргені үшін айыпталған жігіт Павлодар кафелерінің бірінде аспаз болып жұмыс істеген. Бұған дейін ол заңға қайшы келмеген.

Бастапқыда айыпталушы бұзақылық мотиві бойынша адам өлтірді айыпталды. Осы бапқа сәйкес, оған 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Бірақ сот төрағасы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша (кісі өлтіру) айып тағып, «бұзақылық мотивтерді» айыптаудан алып тастады. Осылайша, сот ең жоғарғы деңгейдегі қауіпсіздікті белгілеп сотталушыны 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар, сотталған адам бас бостандығынан айырылудан басқа қайтыс болған жігіттің отбасына 1,5 миллионға жуық моральдық шығын төлейді. Сондай-ақ, 1 миллион 602 мың материалдық залал және сот шығындарына 206 мың теңге төлеуге міндетті.

Ал, қайтыс болған жігіттің туыстары болса қылмыскерге шығарылған үкім тым жеңіл деп отыр.

Тағы оқыңыз: 

Т9 редакторының кесірінен: Қарағандылық әйел өзін балағаттаған ата-ананы сотқа берді

Павлодарлық стилист Instagram-дағы суретін БАҚ-та жариялаған журналисті сотқа берді

Қазақстандық азамат мүшел жасында Аружан Саинның қорына автокөлік сыйлады

Астанада күйеуі тастап кеткен әйел 4 баласымен бірге вокзалда түнеген

 

Талқылау