Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильинді Дохадағы турнирге бапкерлері шығармай қойған

Илья Ильиннің Катарда өткен кубокта тұғырға не үшін шықпағаны белгілі болды. Оған алған жарақаты үшін бапкерлер өнер көрсетуге тыйым салған. Бұл туралы Stan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Илья Ильин

Айта кетейік, 22 желтоқсан сенбі күні әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильиннің Дохада өтіп жатқан турнирде тұғырға шықпағаны белгілі болды. Аталған жарыста 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға жолдама сарапқа салынған болатын.

“Ем қабылдағанына қарамастан, жаттығу кезінде оның омыртқа жотасы грыжасы белгі берді. Нәтиже үшін соңына дейін баруға болатын еді, бірақ арқасы үзіліп кету қаупі болды”, – деп пікір білдірді ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельников.

Бапкердің айтуына қарағанда, алдағы уақытта Ильинді бұдан да маңызды жарыстар күтіп тұр.
Ал Ильяның өзі бұған дейін омыртқа жарақаты үшін спорттағы мансабын аяқтауы мүмкін екенін меңзеген болатын.

Денсаулығындағы ақауға байланысты Илья күзде Түркменістанда өткен жарысқа қатыса алмады. Десе де ауыр атлеттің әлі де Токио олимпиадасына қатысуға мүмкіндігі бар. Ол сәуір айында өтетін Азия чемпионатына қатыса алады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау