Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІД Айзада Авлатарованы қалай ұрланғаны жайында толық мәлімет берді

Алматы облысында Іле ауданының тұрғыны, 20 жастағы студенттің жоғалуы елді дүр сілкіндірген оқиға болды. Қазір аталған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс ҚР ҚК 125 бабы бойынша Алматы облысының ІІД зерттеу бөлімінде.

20151210183745

Фото: 365info.kz

Бұл туралы Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Айзада Авлатарованы ұрлаған күдіктіні ұстауға Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімі мен Қазақстанның Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылды.

Экономика және құқық колледжінің студенті, 1995 жылы туған Айзада Авлатарованың жоғалғаны туралы хабарлама 4 желоқсан күні Іле ауданының аудандық ішкі істер бөліміне келіп түскен. Дереу іздестіру шаралары ұйымдастырылып, көрші Қарасай, Кербұлақ, Жамбыл, Талғар ауданы, Қапшағай қаласының полиция бөлімшелері мен облыстық ІІД жедел іздестіру тобы жұмылдырылған болатын.

Іздестіру тобы Қапшағай жолына жақын маңдағы мекен-жайларды толық тексеріп шыққан. Іздестіру тобының ауқымы кеңейіп, Қазақстанның Ұлттық ұланы әскери қызметшілері мен ерікті топ та іздеу шарасын ұйымдастырды. Полицейлер қызды ұрлаған күдіктінің фотороботын жариялады.

Мәліметке сәйкес, Айзада Авлатарова Жетіген ауылынан Өтеген батыр ауылына колледже сабаққа бармақ ниетпен такси тоқтатқан. Қыз өзін көлік жүргізушінің басқа бағытқа әкетіп бара жатқаны жайында құрбыссына айтып үлгерген.

Телефон хабарламарын, әлеуметтік желілерден, ғаламтордан келген ақпаратты қайта-қайта бақылап отырдық. Сол маңдағы көпшіліктен сұрастырдық. Соңында ұрлаушыны көрген куәгерлерді таптық. Соның нәтижесінде бұрын бірнеше рет сотталған 1970 жылы Алматы қаласында туған Токарев Игорь Анатольевичтің фоторобот бейнесін жасап шығардық. Ол бұған дейін де істеген қылмысы мен құқық бұзғаны үшін Алматы мен Алматы облысы бойынша іздестірілуде болған.

Токаревтің қызды ұрлаған күміс түсті Hyunday Acent көлігі Қапшағай маңынан табылды. Көлік Қарасай ауданында қарашаның басында жоғалған көлік болып шықты. Куәгердің айтуы бойынша дәл осындай сипаттағы көлікте қызды соңғы рет көргенін айтады. Көлік салонын қалған іздерді тексерген соң, ер адамның іздеуде жарияланған қылмыскер екені анықталды.

Бірнеше рет істі болған қылмыскердің мінезін, әдетін, психологиялық портретін біліп алған полицейлер оны қызды алып кеткен мекеннен іздей бастады. Өйткені, қылмыскер Қапшағайға жақын маңдарды, қаланың ішкі қуыстарын жақсы білген.

10 желтоқсан күні, бейсенбіде Қапшағай қаласының ішкі істер бөлімі мен полиция капитаны Серік Саматаев, полиция майоры Жүсіп Турлин, Ұлттық ұландар әскері қызметкерлері А. Әлімбетов, Т. Нұрхан, Б. Бинуровпен бірге жоғалған қыз бен күдікті Токаревті тапты.

pppppppp

Қыз босатылып, күдікті қызметтегі кинологтың итімен ұсталды. Айзада Авлатарованың туыстары келгенше қыздың жанында Қапшағай қаласы ішкі істер бөлімінің психологы болған.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат күзетте отыр. Аталған оқиғаға байланысты, оған дейінгі қылмытар мен құқықбұзушылықтаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Талқылау