Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гюзель Манюрова Қазақстан қоржынына бесінші күміс жүлдені салды

Еркін күрестен ел қоржынынан тағы бір жүлде түсті. 75 келіге дейінгі салмақта күрескен Гюзел Манюрова Рио олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

KHfUvCDrIF4

Манюрова жартылай финалда ресейлік балуан Екатерина Букинадан басым түскен еді. Ал финалда канадалық балуан Эрика Уибеден айласын асыра алмады.

Сөйтіп, Қазақстан 18 тамыз күні олимпиада ойындарында екі бірдей күміс иеленіп отыр. Еске сала кетсек, Манюрова Лондон олимпиадасына да қатысып, қола жүлде олжалаған болатын.

Ал бұл балуан Пекин олимпиадасына Ресей атынан қатысып, күміс алған. Ол осылайша үш олимпиадаға қатысып, барлық жүлде түрін алып көрген тұңғыш әйел балуан атанды. Кеше 69 келіде күрескен еркін күрес шебері Эльмира Сыздықова олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.

Осылайша 38 жастағы ардагер спортшы олимп тұғырының биік сатысына көтерілді. Бұған дейін 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ауыр атлет Ниджат Рахимов, 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин және 69 келі салмақта сынға түскен боксшы Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Бұл спортшылардың барлығы олимпиада ойындарындағы тұңғыш жүлделерін иеленіп отыр.

Ал 60 келі салмақта дзюдошы Елдос Сметов, боксшы Василий ЛевитпенӘділбек Ниязымбетов және ауыр атлет (69 келі) Жазира Жаппарқұл олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Ел қоржынына қола жүлдені ауыр атлеттер Корина Горичева (63 келі),Фархад Харки (62 келі), Александр Зайчиков (105 келі) және еркін күрес шебері Эльмира Сыздықова (69 келі), Екатерина Ларионова (63 келі) дзюдошы Отгонцецег Галбадрах (48 келі) және жеңіл атлет Ольга Рыпаковалар салды. Осылайша Ольга Рыпакова Қазақстан тарихында жеңіл атлетикадан екі олимпиадада қатарынан жүлде алған алғашқы спортшы атанды.

Талқылау