Карина Горичева Қазақстан қоржынына үшінші қола медальды сыйлады

Сәрсенбі, 10 Тамыз , 2016 2:56

Бүгін Ауыр атлетикадан қазыр  арасында ел намысын қорғаған Карина Горичева қоссайыстың қорытындысы бойынша келіні 243 (111+132) көтеріп, Рио олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

4976-6-kazahstanskaya_tyazhelo_ru

Фото: liter.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат  хабарлады.

Серпе көтеруде қытайлық атлет 147 келіні енсерді. Қос сайыстың қорытындысы бойынша 262 келімен Дэнг Вэй әлемдік рекордты жаңартты (115+147). Екінші орын Солтүстік Корея өкілі Чу Хе Симге бұйырды 248 (105+143). Ал Горичева серпе көтеру жаттығуын 132 келімен аяқтап, қола жүлдегер атанды.

Серпе көтеруде жерлесіміз бірінші мүмкіндігінде 132 келіні бағындырса, екінші және үшінші мүмкіндігінде 137 келіні көтере алмады.

Ал осыған дейін алғашқы жаттығуда ол бірінші мүмкіндігінде 107 келіні бағындыра алмады. Ал екінші мүмкіндігінде тура осы салмақты қиналмай бағындырды. Үшінші мүмкіндігінде 111 келі зілтемірді басынан асыра көтерді.

Міне, осылайша бүгін Қазақстан қоржынына үшінші қола медаль түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Горичева ауыр атлетикамен 15 жасынан бері айналысып келеді. Ол ерекше дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының түлегі.

Ол жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс, қола жүлдегері және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қол жүлдегері.

Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың бірінші күні дзюдошы Елдос Сметов күміс, Галбадрах Отгонцэцег қола медаль еншілесе, кеше  ауыр атлет Фархад Харки үшінші медальді ел қоржынына салды.  Сондай-ақ, айта кетейік, жарыстың бірінші күні Маргарита Елисеева бесінші орынға, екінші күні Арли Чонтей төртінші орынға табан тіреген болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
16.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар