Ниджат Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарының бесінші күні қазақстан қоржыны алғашқы алтынмен толықты. Оны 77 келіде ерлер арасында өнер көрсеткен ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов жеңіп алды.

Ниджат жұлқа көтеру сайысын 165 келімен үшінші болып аяқтаған еді. Ал осы сайыста 177 келі зілтемірді көтеріп, жерлесімізден 12 келіге асып кеткен болатын.
Алайда, серпе көтеруде қазақстандық спортшының жұлдызы жанып, 214 келіні басынан асырып, басты қарсыласынан Рио олимпиадасының алтынын тартып алды. Сөйтіп, қоссайыстың қорытындысы бойынша 379 (165+214) келі нәтиже көрсетті.
Қытайлық Люй Сяоцзюнь 202 келіден артық көтере алмады.

Естеріңізге сал кетейік, Жазира жаппарқұл қазақ қыздарынан тұғыш болып Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Барша Алаштың арманын орындаған қаракөз қарындасымызға Алаш жұрты ақ тілектерін жаудырды.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды