Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баландин, Сметов және Галбадрах 15 тамызда елге оралады

Олимпиада жүлдегерлері Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні сағат 01:30-да Алматы қаласының халықаралық әуежайына ұшып келеді.
20160807044317

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14-15 тамыз аралығында чемпиондарымыз, топ жарған спортшыларымыз бен басқа да Рио Олимпиадасында өнер көрсеткен спорт майталмандары елге орала бастайды. Осыған орай Астана және Алматы қалаларының әуежайында салтанатты күтіп алу рәсімі өткізіледі.

2016 жылдың тамыз айының 14-інен 15-іне қараған түні Астана уақытымен сағат 01:30-да Алматы қаласының халықаралық әуежайына KL405 әуерейсімен ішінде Олимпиада жүлдегерлері Елдос Сметов пен Отгонцэцэг Галбадрах бар дзюдодан еліміздің Олимпиада құрама командасы және 15 тамыз күні сағат 08:10-де Мәскеу арқылы ішінде Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин бар жүзуден Қазақстанның құрама командасы ұшып келеді.

Еске сала кетсек, 5 тамыздан бастап Рио-де-Жанейро қаласында XXXI жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Қазақстан Республикасынан жарысқа 104 спортшы 26 спорт түрінен бағын сынауда.

Бұл Қазақстан тарихында алтыншы Олимпиада ойындары. Бүгінгі таңда Олимпиададағы Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 3 түрінен 7 медаль бар: 2 алтын, 2 күміс және 3 қола. Жалпыкомандалық есепте 14-орында. 1996 жылдан бүгінгі күнге дейін елімізден 18 Олимпиада чемпионы шыққан.

Жіберіп алмаңыз: 

Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты

Василий Левит олимпиада ойындарының финалына шықты

Олжас Сәттібаев олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

 

Талқылау