Василий Левит олимпиада ойындарының финалына шықты
91 келі салмақта сынға түскен қазақстандық боксшы Василий Левит куба қабыланы Эрисланди Савонмен кездесіп, олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты.

Алғашқы раундта қос қарсылас аса мардымды шабуыл жасаған жоқ. Әйтсе де, төрешілер бірінші кезеңдегі жеңісті төрешілер кубалық боксшыға берді. Ал екінші кезеңде алма-кезек жұдырық алмасып, жекпе-жек жандана бастады.
Екінші раунд барысында ширақ қимылдап, қарсыласын төпелеп ұрған Левитке төрешілер тарапынан басымдық берілді. Үшінші шешуші раундта да Василий өз қарқынын арттырып, қарсыласының шабуыл жасауына еш мүмкіндік берген жоқ. Осылайша өзінің кубалықтан бір бас жоғары екендігін байқата алды. Енді Левит финалда ресейлік Алексей Тищенкомен кездеседі.
Бұған дейін 69 келіде сынға түскен Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының жартылай финалына шыққан еді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"