Балуан Екатерина Ларионова олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды (фото)

Жұма, 19 Тамыз , 2016 3:06

Рио олимпиадасында 63 келіге дейінгі салмақта күрескен қазақстандық Екатерина Ларионова жұбаныш белдесуі арқылы күресіп, олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

14086442_1014372101943927_6302861828781751932_o

Фото: Данияр Майлыбаев

Алғашқы айналымында есе жіберіп алған қазақстандық Екатерина Ларионова жұбаныш финалында қола үшін таласу мүмкіндігіне ие болған еді. Оның қарсыласы – Еуропа чемпионы беларус балуаныМария Мамашук финалдық бәсекеде жапондық Рисако Каваимен кездеседі.

14051563_673557652801140_7760666777285562565_n

Жұбаныш белдесуінде швециялық балуан Хенна Йонхенсонды 5:0 есебімен ұтты.

14079988_673557642801141_898226939160735743_n

Ал қола медаль үшін болған тартыста АҚШ өкілі Елена Пирожковамен кездесіп, жеңіске жетті.

14055002_673557639467808_7704333136525816272_n

Бұл ел қоржынынан түскен 14-ші медаль. Бұған дейін 96 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ауыр атлет Ниджат Рахимов, 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин және 69 келі салмақта сынға түскен боксшы Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Бұл спортшылардың барлығы олимпиада ойындарындағы тұңғыш жүлделерін иеленіп отыр.

Ал 60 келі салмақта дзюдошы Елдос Сметов, боксшы Василий Левит пенӘділбек Ниязымбетов және ауыр атлет (69 келі) Жазира Жаппарқұл олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Ел қоржынына қола жүлдені ауыр атлеттер Корина Горичева (63 келі),Фархад Харки (62 келі), Александр Зайчиков (105 келі) және еркін күрес шебері Эльмира Сыздықова (69 келі), дзюдошы Отгонцецег Галбадрах (48 келі) және жеңіл атлет Ольга Рыпаковалар салды. Осылайша Ольга Рыпакова Қазақстан тарихында жеңіл атлетикадан екі олимпиадада қатарынан жүлде алған алғашқы спортшы атанды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
31.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар