Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Альварес шіркеуде «шындығын» айтты: Головкинге қарсы реванш өткізуге қорқамын

Мультипликатор Моджахед Фудалиат бокс тақырыбына арналған кезекті туындысын ұсынды.

Бұл жолы Фудалиат мексикалық боксшы Сауль Альварестің Рим Папасымен кездескен сәтін көрсетіп, кенеттен Геннадий Головкин келіп қалса, қалай болатынын елестетіп көрді.

Видеода Альварес Рим Папасы Францисктің алдында тізе бүгіп, батасын алады. Бір кезде ойда жоқта Геннадий Головкин «Big drama show» деп шыға келеді. Мексикалық боксшы бірден Папаның артына тығылады. Сосын шіркеуге қашып, дін қызметшісімен сөйлесетін күркеге кіреді. Сол жерде «тәубеге келіп», Головкинмен реванш өткізуге қорқатынын айтады. Бірақ арғы жағынан тағы да Головкин шығады.

Айта кетейік, 16 қыркүйекте екі боксшы арасында бірінші жекпе-жек өткен болатын. Төрешілердің шешімімен екеуі де тең түсті. Алайда танымал боксшылар мен сарапшылар ол шешіммен келіспейді. Себебі Аделаида Берд деген төрешінің есебі мүлдем ойға қонымсыз болып шықты.

Оқи отырыңыз:

Қуат Хамитов Макгрегормен бірге жаттығатын спортшыдан басым түсті

Полиция ұрыларды емес, көлік иесін қылмыстық жауапкершілікке тартты

Қытайлық әйел болашақ келінін көргеннен кейін қайтыс болып кетті

Мысық бесік арбада ұйықтап жатқан сәбиді тұншықтырып өлтірген

Аустралияда пойыз астына түсе жаздаған әйел аман қалды (видео)

 

Талқылау