Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин әлемдегі ең үздік 100 спортшының тізімінде Мэнни Пакьяо мен Владимир Кличкодан озып кетті

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық беделді телеарна ESPN-нің әлемдегі ең үздік 100 спортшы енген тізімінде 61-орынға жайғасты, деп хабарлайды Stan.kz.

Геннадий Головкин

Сурет: vesti.kz

Тізімде Головкин белгілі футболшылар бразилиялық Дани Алвеш пен испаниялық Сеск Фабрегастың арасына (тиісінше 60, 62- орындар) жайғасқан.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы тізімде Мэнни Пакьяо (63-орын) мен Владимир Кличкодан (74-орын) озып кетті.

Айта кетсек, аталған тізімге әртүрлі спорт түрі бойынша спортшылар енген. Көш басында «Реал Мадрид» футбол клубының шабуылшысы Криштиано Роналду тұр.

Оқи отырыңыз:

«Қазақтың Мессиі» атанған 18 жастағы футболшы Қазақстан құрамасына шақырту алды

Головкин мен “Канело” арасындағы екінші жекпе-жек қашан болады

Қазақстан тұңғыш рет хоккей бойынша әлем чемпионатын қабылдайды

Әлем чемпионының бапкері: Головкин бұрынғыдай мықты емес, ол көп соққы жібереді

Талқылау