Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голливуд актері ұрланған динозаврдың бас сүйегін Моңғолияға қайтарып беретін болды

Голливуд актері Николас Кейдж АҚШ билігіне өзі 2007 жылы 276 000 долларға сатып алған динозаврдың бас сүйегін қайтарып беретін болды.

kinopoisk.ru

Өйткені, АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік қызметі бас сүйек Моңғолиядан ұрлық жолмен әкелінген болуы мүмкін екенін хабарлаған.

-Бұл шешімге актер тергеушілер бас сүйек заңсыз жолмен Моңғолиядан шығарылғанына көз жеткізгеннен кейін ғана АҚШ үкіметіне тапсыруға келісті, – деді актердің агенті Алекс Шэк.

Бұған дейін БАҚ-та хабарланғандай бас сүйекті сатып алуға актер Леонардо Ди Каприо да әрекет еткен. Алайда, Кейдж жоғары баға ұсынған.

Талқылау