Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкиннің жекпе-жек алдында неліктен әнұраннан бас тартқаны белгілі болды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль Альвареспен қарымта кездесудің алдында ұлттық әнұрандардың орындалуы туралы мән-жайды түсіндірді.

Геннадий Головкин

Бұл туралы Sports.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Оскар (Де ла Хойя) біздің әнұранды сыйламайтынымызды айтады. Алайда мұндай сөзді естудің өзі біртүрлі. HBO телеарнасы 3 әнұранның орындалуы үшін 20 минут қажет екенін түсінеді. Бұл кештегі маңызды оқиғаның қарсаңында өте ұзақ болып кетеді. Әнұранға деген құрметіміз бар. Бүкіл арена әнұранды естиді. Алайда әнұран PPV-кардқа дейін орындалатын болады», – дейді Леффлер.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Де ла Хойя боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жек алдында әнұраннан бас тарту туралы шешіміне таңғалғанын айтып, оны «патриот емес» деп айыптаған еді.


Отан туралы өлеңдер

Талқылау