Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Геннадий Головкинді «Шығыс қырандары» тізіміне кіргізді

 «Шығыс қырандары» немесе бұрынғы КСРО-дан қорқатын 7 себеп»  жекпе-жектердің екпінді түрінің үздік жеті өкілінің есімдері аталды, олар өз спорт түрлерінде ең жоғары нәтижелерге жетті.

головкин

Бұл туралы Ресейлік Tofight.ru сайты жазған.

Оған қазақстандық Геннадий Головкиннен басқа: Адлан Амагов (Шешенстан), Владимир Кличко (Украина), Сергей Ковалев (Ресей), Хабиб Нурмагомедов (Дағыстан), Андрей Орловский (Беларусь) және Джорджио Петросян (Армения) кірді, деп жазады Sports.kz.

«Орта салмақта немесе оған жақын салмақ санаттарында ең болмағанда бір рет «Мен Головкиннен қорықпаймын!» деп айтатын боксшы қалмады. От болмаса түтін шықпайды, дегендей, Головкинмен сайысқа түсуден қорқу «Үлкен Боксте» Головкинмен қақтығысқан палуандардың қатал шындығы. Жеңілмейтін қазақстандықтың қатаң стилі кімді де бей-жай қалдырмайды, Головкин сияқты нақты ұрыстарға және үлкен қатерлерге бас тігетін боксшылар көп қалған жоқ», деп жазады басылым.

«91 пайыз нокаутты жеңістерімен Геннадий қазіргі заманымыздың ең қауіпті боксшыларының біріне айналып отыр және «The Ring» нұсқасы бойынша салмақ санатына қарамастан үздік боксшылар рейтингісінде мәртебелі үшінші орында асқақтап тұр. Қазақстандықтар өздерінің жерлестерін орынды мақтан ете алады. Геннадий – рингтен тыс жерде нағыз джентльмен, ол сыпайы, сөйлесуге сүйкімді, қарапайым, бұл нағыз ер жігітке қажет қасиеттер. Ол сияқты батыста Қазақстанның осынша даңқын асырған мұндай адам жоқ шығар, сірә. Туған елінің туы, әнұраны, қазақ шапаны оның қайдан екенін еске салып тұр. Кеңестік тәрбиенің үлгілі мысалы», – деп түйіндеді Tofight.ru.

Талқылау