“Біздің кеңес одағында” деп сөйлеген Қарағұсова тағы да жұрттың сынына ұшырады (видео)

Жұма, 6 Мамыр , 2016 10:03

Қоғамдық ортада шу тудыратын мәлімдемелерімен жұрттың талқысына түсіп жүрген Қарағұсова ханым БАҚ-қа берген сұхбаттарын бұрмалағаны үшін журналистерге кезекті рет өкпе ренішін білдірді.

4a1aea56ff35e6658afe102f60c3e260

Бұл туралы abai.kz хабарлайды.

Депутат ханымның айтуынша, оның сөйлеген сөздерін бұрмалап, жұртқа жексұрын етіп көрсеткен журналистердің дені шала сауатты екен.

«Қазір өкінішке орай көптеген елдердегідей контекстен кесіп алып, оны сараптамайтын (анық-қанығына жетпей – ред.) үрдіс қалыптасты. Жалпы, сіздер, журналистер ең мықты сараптамашы болуларыңыз керек қой. Мен осыны әрдайым айтып келемін. Сондықтан біздің Кеңес одағында журналистерді дайындауға 5 жыл уақыт керек болған. Ал негізінде әу басында базалық білім алады. Сосын өзінің саласын таңдайды”, – деді Қарақұсова.

“Сіздердің сөздеріңіз халыққа жететін, ең соңғы сөз. Ешкім сараптама жасамады. Сол контекстен алынатын жерлер ғана алынды да қалғаны қалды. Оның ақырында шындыққа мүлде жанаспайтын пікірлер жазылды, айтылды”, – деп қосып өтті мәжіліс депутаты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар