Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Естен кетпес кездесу: Беларусь президенті Данэлия Төлешоваға қандай сыйлық берді?

Беларусь елінің президенті Александр Лукашенко бүгін “Евровидение” байқауының қатысушыларымен тәуелсіздің сарайында кездесті. Беларусь басшысы жас таланттарды құттықтап, оларға сый-сыяпат көрсетті.

Естен кетпес кездесу: Беларусь президенті Данэлия Төлешоваға қандай сыйлық берді?

Бұл туралы Лукашенконың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Сендер қазірдің өзінде жеңімпазсыңдар. Өз елдеріңде жеңімпаз болып келгендеріңе қуануларың керек. Ал әрі қарай барлығы сәттілікке байланысты”, – деп атап өтті ол.

Лукашенко кездесу барысында Беларусьтің әділетті ел екенін мәлімдеді.

“Сондықтан да мықтылардың мықтысы жеңеді”, – дейді Александр Лукашенко.

Александр Лукашенко белоруссиялық қатысушы Даниель Ястремскийдің жағдайын сұрап білді.
“Жақсы, шақырғаныңызға рақмет”, – деп жауап қатты жас талант.

“Егер де сен армениялық, ресейлік не болмаса басқа елден қатысушыдан жеңіліп қалсаң, ештеңе етпейді. Біз бұл елдің иесіміз. Қожайын ретінде жеңіске жете алмаймыз. Бірақ жеңіп кетсең, кешіремін”, – деп қалжыңдады президент.

Қатысушылар кездесу барысында: – Александр Лукашенко байқауға қонақ болып келе ме? – деген сауал жолдады. Оған әзілқой президент:

“Келмей қалсам да, бәрін көремін”, – деп жауап берді.

Байқау қатысушылары Лукашенко үшін “Евровидение” байқауының әнұранына айналған “LightUp!” (“Зажигай!”) әнін шырқады.

Қатысушылар мен ұйымдастырушылар атынан Лукашенкоға сый берілді. Байқаудың бас жүлдесінің символикалық баламасы. Ол шыныдан жасалған микрофон.

Президентпен бірге суретке түскеннен кейін, балаларға тәттілер мен Беларусь елі жайлы кітаптар табысталды. Данэлия Төлешова Лукашенкодан алған сыйлықтарын желідегі парақшасында көрсетті.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстан алғаш рет “Балалар Евровидениесі” байқауына қатысуда. Аталған додада ел намысын талантты әнші Данэлия Төлешова қорғайды. Данэлияны қолдап, қалай дауыс беруге болатынын мына жерден оқи аласыздар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау