Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ертегідегі ханзада сияқты: Теміртауда бойжеткен 28 жастағы ер адамның өзіне қалай АИТВ жұқтырғанын айтып берді

Теміртауда 28 жастағы ер адам төсек қатынасы арқылы әдейі АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырған 19 жасар бойжеткен басынан өткен оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бұған дейін Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері 4 әйелдің қауіпті дерт жұқтырғанын анықтаған еді. Алайда олардың тек біреуі полицияға шағымданған.

Ертегідегі ханзада сияқты: Теміртауда бойжеткен 28 жастағы ер адамның өзіне қалай АИТВ жұқтырғанын айтып берді

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

28 жастағы ер адамға алданып қалған Лена онымен әлеуметтік желіде танысып, ғашық болып қалған. Дәмханада даяшы болып жұмыс істейтін бойжеткен жұмысынан шыққан бойда онымен сөйлесу үшін үйіне асыққан.

«Оған дейін мен ер адаммен болмадым. Ол маған арнап өлең жазып, ән жіберіп, оны маған арнағанын айтатын. Ертегідегі ханзада сияқты еді. Мен екі апта бойы онымен кездесу туралы шешімге келе алмадым. Алайда ол кездескісі келді. Бір көргеннен ғашық болғанын айтты», – дейді Теміртау қаласының тұрғыны Елена.

Біраз уақыттан кейін Лена келісімін беріп, Андрей оны дәмханаға шақырған. Ер адам кездесуден кейін Ленаны үйіне шай ішуге шақыра бастапты. Аңғал қыз оның сөзіне сеніп, үйіне барған. Алайда пәтердің табалдырығын аттаған бойда «ертегідегі ханзада» құбыжыққа айналып шыға келеді. Ол бойжеткенге тап беріп, зорлап тастаған.

Болған оқиғадан кейін бойжеткен өзіне келе алмай жүрген. Сондықтан бұл туралы құрбысына айтып беріпті. Өз кезегінде құрбысы АИТВ-ке тексерілуді кеңес еткен.

Тексеруден өткен Лена өзінің АИТВ жұқтырғанын біледі. Мұнан кейін ол кұйзеліске түскен. Оған бұл жағдайдан шығуға психологтар көмектесті.

«Тексеру кезінде жігіттің біздің пациентіміз екені анықталды. Ол 2011 жылдан бері тіркеуде тұр. Осылайша, ол осы күнге дейін 4 адамға АИТВ жұқтырған», – дейді ЖИТС-пен күрес және алдын алу бойынша облыстық орталықтың алдын алу бөлімінің меңгерушісі Нағима Түлекбаева.

Дәрігерлер ер адамның өзге әйелдерге дертті әдейі жұқтырғанына сенімді. Себебі ол өзінің науқас екенін білген.

АИТВ жұқтырған 4 әйелдің тек біреуі полицияға шағымданған. Өзгелері өзінің АИТВ жұқтырғанын ашық айтқысы келмейді.

Ал ЖИТС орталықтың заңгерлері полицияға өздері шағым түсірген. Егер ер адамның кінәсі дәлелденсе, ҚР ҚУ 118-бабы бойынша (АИТВ жұқтыру) 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Теміртауда ер адамның төсек қатынасы арқылы төрт әйелге АИТВ инфекциясын жұқтырғанын хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау