Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Қарин: Бір адам ұйымдасқан қылмыстық топтан әлдеқайда қауіпті болып тұр

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин журналистерге арнап брифинг өткізуде.

20160719122431

Кеше, 18 шілде күні Алматы қаласында орын алған террорлық актіге байланысты, сарапшы журналистердің сұрағына жауап беріп, зерттеулерге сүйене отырып, белең алып отырған көріністерге қатысты тұжырымын айтты.

Ерлан Қарин атап өткендей, қазір әлем бойынша «жалғыз содыр» тенденциясы белең алып отыр.

««Кейбір азаматтар әлеуметтік желі арқылы «бір адамның әрекетінің алдын алуға болмады ма?» деген пікірлерін айтып жатыр. Бірақ, біз «ұйымдасқан топ қауіпті, бір адамның әрекеті қауіпті емес» деп айта алмаймыз. Керісінше, бір адамның немесе кішігірім белгілі бір топтың әрекетін алдын алу әлдеқайда қиын болады. Себебі, олар әрекетін дайындау барысында оны жоспарламайды, қару-жарақты дайындамайды. Тағысын тағы… сондықтан, оперативтік арналар арқылы ақпаратты алдын ала біліп, ондай топтың әрекетін алдын алу қиынға соғады»,-деп жауап берді «ҚазАқпарат» тілшісінің сұрағына жауап берген Қарин.

Өзіміз білетіндей, өткен апта күні Францияның Ницца қаласында 31 жастағы азамат жалғыз өзі 84 адамның өмірін қиып, үлкен террорлық әрекетті жалғыз өзі «атқарып» шыққан. Ерлан Қарин бұл мысалға АҚШ-тың Орландо қаласындағы оқиғаны, Бангладештегі террактіні қосты.
«Сондықтан, осындай кішігірім қылмыскерлердің шабуалдары соңғы уақытта ұйымдасқан топтың әрекетінен әлдеқайда қиынға соғып жатыр. Францияның Ницца қаласында болған әрекетті көріп отырмыз, АҚШ-тың Орландо қаласындағы, оның алдындағы басқа жағдайларда терорристік шабуылдарды ұйымдастырып отырған бір, көп болса, екі-үш адам»,-деп түсіндірді Қарин.

Сондай-ақ, бүгін шаһар басшысы қаза тапқандардың отбастарына 15 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілетіндігін хабарлаған еді. Қазіргі таңдаауруханада төрт адам ауыр халде жатыр.

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 5 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Біраз уақыт бұрын ғана ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы да пайда болды.

Талқылау