Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам сүйіктісіне Каспий теңізінің түбінде ұсыныс жасаған

Ақтауда ер адам сүйіктісіне Каспий теңізінің түбінде үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жергілікті "Тайфун" сүңгуір орталығында айтылғандай, жігіт пен қыз 14 шілдеде таңертең су асты сапарына шыққан.

Қыз күтпеген жерден гүлдер салынған қорапты, сондай-ақ үйлену туралы ұсынысы бар белгіні тауып алды. Қыз сүйіктісіне үйленуге келісім берді. Артынша ер адам теңіздің астында сүйіктісінің саусағына сақина тақты. 

Сүңгуірлер орталығының хабарлауынша, жас жұбайлар теңіздің түбіне алғашқы рет сүңгіп келген. 


Талқылау